• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:56:11
Алматы
+12°

Түркістан облысының Сарыағаш қаласында полицейлер қыз ұзату тойының үстінен түсті, – деп хабарлады Polisia.kz.

Сайт мәліметінше, Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері карантин режимін және шектеу шараларын сақтау мақсатында тұрақты түрде іс-шаралар ұйымдастырып тұрады. 

"Сондай кезекті профилактикалық жұмыстар жүргізу барысында, Сарыағаш қаласында орналасқан тойханалардың бірінде тойдың болып жатқаны беліглі болған. Мерекелі жиында шамамен 100-ге жуық қонақ жиналған. Тойдың үстінен түскен тәртіп сақшылары келушілерге карантин режимін түсіндіріп, қонақтарды үй-үйлеріне тарқатты. Тойдың және тойхананың иесіне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу бабы бойынша Түркістан облысы Бас санитарлық дәрігерінің қаулысында көрсетілген карантин режимін және шектеу шараларын сақтамағаны үшін жинақталған құжаттар Сарыағаш аудандық санитарлық эпидемиология бақылау басқармасы жолданды" делінген ақпараттық хабарламада.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір