• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 09:57:20
Алматы
+12°

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров республикадағы орыс тілі мәртебесінің өзгеруіне қарсы. Бұл туралы ол өзінің "Одақтастық байланыс" атты мақаласында мәлімдеді, деп хабарлады ТАСС сайты.

– Орыс тілі – бұл ресми тіл ғана емес, сонымен бірге елдегі ұлтаралық қарым-қатынас тілі. Ол заңнамалық деңгейде жақсы қорғалған. Орыс тілінің мәртебесі конституциямызда бекітілген. Мен президент – адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі ретінде орыс тілі мәртебесін саяси манипуляцияға айналдыруға қарсымын, – деді Жапаров.

Қазіргі уақытта Қырғызстанда орыс тілі ресми мәртебеге ие.

– Орыс тілі – қазіргі әдебиет пен мәдениетті түсінудің мүмкіндіктерін ашатын қарым-қатынас құралы. Біз негізгі ақпаратты орыс тілінде аламыз. Сонымен қатар, мемлекеттік тілді дамытуда да айтарлықтай ілгерілеушілік байқалады. Жастар, әншілер, актерлер орыс тілінде сөйлейді. Осы тілде заңдар, маңдайшалар жазылады. Қырғыз тілі орыс тіліне зиян келтірмей дамуға тиіс, –  деп есептейді Жапаров.

Ол екі ел арасында ешқашан проблемалар туындамағанын еске салды.

– Алдағы сапар елдеріміз арасындағы қатынастарды нығайтуға және өзара қызығушылық тудыратын барлық салалардағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететініне сенімдімін, – деді Садыр Жапаров.

Бұған дейін ол келесі аптада Ресейге сапар шегетіні туралы мәлімдеген. Бұл оның мемлекет басшысы ретіндегі алғашқы шетелдік сапары болмақ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір