• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Қараша, 09:50:41
Алматы
+12°

Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасына қарсы белсенділердің бірі адвокат, заңгер Мадияр Әлжаппаров бұрын кәмелетке толмаған баланы зорлағаны үшін сотталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы baigenews.kz сайты хабарлады.

Сайт мәліметінше, бірнеше telegram арна мен facebook-те жарияланған ақпараттарда балалар мен әйелдерді қорғауға арналған заң жобасына белсенді түрде қарсы шыққан Әлжаппаров 2010 жылы кәмелетке толмаған баланы зорлағаны үшін сотталып, жеті жылға бас бостандығынан айырылғаны туралы ақпарат тараған.

– Жақында Қазақстанның дәстүрін, мәдениеті мен тәуелсіздігін сақтау жолында жүрген Анатолий Ким instagram парақшасында madiyar_advokat сыйлаған қазақ қамшысының суретін салды. Алайда ол тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға қарсы болып жүрген "Мадияр-адвокат" екі рет зорлау дерегімен сотталған бұрынғы құқық қорғау қызметкері екенін айтуды ұмытып кетіпті. "Адвокаттың" құрбандарының бірі кәмелет жасына да толмаған.

Ол ешқандай адвокат емес. Instagram әлеуметтік желісінде вакцина, маска және зорлаушылармен күресте "аға-әпкелерінің" көмегімен оқырман жинаған қарапайым заңгер, –  деп жазды "Ветер левого берега" Telegram арнасы.

Нұр-Сұлтан қалалық соты Мадияр Әлжаппаров зорлау және кісі өлтіру қаупімен байланысты зорлық-зомбылық әрекеттері үшін сотталғанын растады.

– 22.07.1977 жылы туған Әлжаппаров Мадияр Аймурзаұлы 2010 жылдың 21 шілдесінде Нұр-Сұлтан қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бас бостандығынан айырылды. Оған қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі және 121-бабы 2-бөлігінің "б", "г", "д" тармағының зорлау және нәпсіқұмарлық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері үшін 7 жылға бас бостандығынан айрылды, – деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір