• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 08:35:09
Алматы
+12°

Мәжілістің жалпы отырысында "Nur Otan" партиясы фракциясының мүшелері Ерлан Саиров пен Елнұр Бейсенбаев ауылдағы кедейлік пен оны шешу жолдары мәселелері туралы үкімет басшысы Асқар Маминге ресми сауал жолдады.

"Бұл мәселені шешудің оңтайлы әдісі әл-ауқаты төмен азаматтарды микрокредитпен қамтамасыз ете отырып, адамдардың бизнес-сауатын арттыру" деген депутаттар "Еңбек" бағдарламасының несиелендіру бағыты бойынша биылғы жылдың бюджеті 20 млрд теңгені құрап отырғанына, шағын несие алушылардың саны 5200-ге азайғанына назар аударды.

– Микрокредиттеудегі басты проблема – кепілзат мәселесі. Бұл проблеманы несиеге кепілдік беру механизмін енгізу арқылы нақты шешетін уақыт жетті. Биыл Атамекен және жергілікті әкімдіктердің қатысуымен шағын несие ұйымдарын ашу жоспарланып отыр. Ниет дұрыс, бірақ өзінің тиімділігін көрсете білген, оңтайлы жұмыс істеп тұрған, 10 жыл шағын несие беру тәжірибесі бар ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры не себепті жабылмақ? Мемлекет, қарапайым халық мүддесі тұрғысынан қорды сақтау қажет! Өйткені, өздері қиналып отырған ауылдағы ұсақ шаруалар мен зәру адамдар қаржы көзінен мүлдемге қағылу қаупі басым, – деді депуттар.

"Nur Otan" партиясы фракциясының мүшелері ауылда микро-бизнесті дамытудың басты аспектісі – тұтыну және қызмет көрсету кооперативтерін құру деп санайды.

– Халықаралық тәжірибеде бұл кооперативтер өнімді өңдеу, өткізуге көмектесу, ветеринария, мал азығын дайындау бойынша қызмет көрсету, жаңа технология, жаңа тұқымдар жөнінде білім таратумен айналысады. Осындай кооперативтерді әсіресе шалғай елді мекендерде құру өте өзекті. Шалғай елді мекендерге арзандатылған микро несие жеткізудің де инфрақұрылымын жасау маңызды. Банкілер мен микрокредит ұйымдары қала жанындағы елді мекендерді ғана қамтиды. Алыстағы ауыл арзан несиеге зәру, жеткізетін амал жоқтың қасы, – дейді олар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір