• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 23:29:37
Алматы
+12°

Нұр-Сұлтанда салынып жатқан ғимарат учаскесінің қожайынымын сиырға қатысты жағдай үшін кешірім сұрады.

"Мен осы оқиға болған салынып жатқан нысан учаскесінің бастығымын. Оқиға үшін қоғамнан кешірім сұрағым келеді. Ниетіміз таза еді - құрбандық щалып, кейіннен етті аз қамтамасыз етілгендерге тарату, бірақ... Оқиға үшін ел азаматтарынан тағы да кешірім сұраймын", - деді ер адам.

Полицейлер оқиға 15 ақпанда сағат 11.30-да Нәжімеденов көшесінде салынып жатқан үйдің соңғы қабатында болғанын мәлімдеді. 

"Қызметкерлер инциденттің барлық қатысушыларын анықтады. Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады", - деп түсіндірді полицияда.

Еске салайық, Нұр-Сұлтанда жұмысшылар тірі сиырды кранмен үйдің төбесіне шығарғаны хабарланды.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: сиыр кран Нұр-Сұлтан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір