• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 08:46:27
Алматы
+12°

Экс-депутат Нұржан Әлтаев қазақстандық оппозиция бас біріктіріп жүйелі күшке айналуы мүмкін екенін айтты. Сондай-ақ ол ұйқышыл Үкіметтің әрекетіне бұдан әрі төзе алмайтынын жеткізіп, саяси белсенділер бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып әрекет етпек. Бұл туралы ол "Информбюро" жаңалықтар қызметіне берген сұхбатында айтты.

– Қорқып, қорқып оның бәрінен шаршадық. Қазір көріп жатырмыз ғой, билік білгенін жасап жатыр, - дейді Әлтаев. 

Ал, экс-депутаттың бұл әрекетін кей қоғам белсенділері пиар деп есептейтіндігін жеткізді.

- Оппозицияны біріктіру идеясы келген кезде бірінші кездесу керек. Сол салада жүрген азаматтармен кеңесіп барып, шешім қабылдау керек. Ал, егер олармен келіспей бұқаралық ақпарат құралдарына шығатын болса, оның стратегиялық емес көбінесе жарнамалық пиары көп деген сөз, –  дейді  "Экологиялық Альянс" төрағасы Азаматхан Әміртай.

Белсенділер биліктен топ етіп түскендерге күмәнмен қарайтын сыңайлы. Сол себепті, Әлтаевты бірі қолдаса, екіншілері оппозицияда тәжірибесі аз дейді. 

– Бұл биліктің кезекті бір жобасы шығар деуге болады. Мүмкін ол азамат та жеке тұтқиылдан түс көріп оң аяғынан тұрып ойланып, осы оппозицияны мен қоспасам кім қосады деп тәуекелге кірісіп кеткен шығар. Солай болғанда да ол оппозицияға келу, оны біріктіру оңай шаруа емес - дейді қоғам белсендісі Рысбек Сәрсенбайұлы. 

Әзірге Әлтаевты 19 адамның ішінен Ермұрат Бәпи мен Тоғжан Қожалиева қолдап отыр.

Жақтастар бас қосып елді елең еткізген мәселелерді бір-екі айда бір талқыламақ. Тіркелмеген партия төрағасы жалғыздың үні шықпайды сондықтан өзгелермен біріккен дұрыс дейді. 

- Үлкен өзгеріс керек. Қазіргі, "Нұр Отан" партиясымен немесе Үкіметте отырған азаматтармен ешқандай өзгеріс жасауға мүмкін емес - деді Нұржан Әлтаев. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір