15 Ақпан, 2021 NEWS
Фото: azh.kz
Ақтөбе облысының бас санитар дәрігері Н.А. Беркімбаева карантин шараларының алдын алу мақсатында карантин туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.
Аталған қаулыға сәйкес:
- мұз айдындарының қызметіне толымдылығы 50%-дан аспайтын әлеуметтік қашықтықты, бетперде режимін міндетті түрде сақтай отырып рұқсат етіледі;
- мешіттерде толымдылығы 30%-ға дейін, бірақ 100 адамнан аспаған кезде (бес намаз) ұжымдық құдайға құлшылық етуге; қуаты 150 адамға дейін, толымдылығы 25%-дан аспайтын мешіттерде, ауылдық жерлерде ғана жұма намазына рұқсат беріледі;
- 50% аспайтын театрлардың, кинотеатрлардың, концерттік залдардың қызметіне рұқсат етіледі;
- білім беру ұйымдарындағы, орта және жоғарғы оқу ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне рұқсат етіледі;
Бас санитар дәрігер қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енетінін ескертті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір