• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:08:48
Алматы
+12°

Гвинеяда Эбола эпидемиясының қайта басталғанын хабарлады  Риа новости

Гвинеяның Денсаулық сақтау министрлігі елдің оңтүстік-батысындағы, Гуэк субпрефектурасында Эбола эпидемиясының қайта басталғанын мәлімдеді. Биліктің мәлімдеуінше Эбола дертіне басында қатты мән берілмеген, бірақ аты жаман ауру 4 адамды ажал құштырғаннан кейін ғана әрекет бастаған.  

– "Осы жағдайды ескере отырып халықаралық денсаулық сақтау ережелеріне сәйкес, Гвинея үкіметі Гуэк субпрефектурасында, Нзерекор префектурасында Эбола вирусының эпидемиясы туралы хабарлайды", - делінген Гвинея премьер-министрінің Twitter-дегі мәлімдемесінде.

Билік эбола ауруына күдік туғызған барлық адамды оқшаулауға, Эболаға төтеп беру жөніндегі үйлестіру және техникалық комиссияның жұмысын жандандыруға, Гуэкте науқастармен жұмыс істейтін орталық ашуға, сондай-ақ ДДҰ арқылы вакциналарды сатып алуды тездетуге кеңес берді. 

Айта кетейік, 2016 жылдан бері алғаш рет Гвинея зертханасында Эбола инфекциясының алғашқы үш жағдайы тіркелді, деп ДДҰ мәлімдеді. Тергеу жұмысы бойынша аурудың алғашқы құрбаны 28 қаңтарда қайтыс болған медбике еді. Оны жерлегеннен кейін алты адамда дене қызуы көтеріліп, эболаға ұқсас белгілер байқалған. Олардың екеуі қайтыс болып, тағы төртеуі ауруханаға түсті.

factymira.ru

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір