• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

15 Қараша, 13:30:04
Алматы
+12°

Еліміздің қорғаныс министрлігі қоғамдық талқылау үшін тиісті қаулы жобасын "Ашық НҚА" порталына жариялады.

Құжатта берілетін қару-жарақтың пайдаланылмай, қорда артық тұрғаны көрсетілген.

Тәжікстанмен жасалған келісім жобасында Қазақстан жабдықты Душанбе қаласына жеткізуді, сондай-ақ көлік шығындарын өз мойнына алған.

НҚА жобасына сәйкес, Қазақстан Тәжікстанға береді:

БО оғы бар 5,45 мм патрондар – 3 млн дана;

23 мм патрон – 20 мың дана;

82 мм оқ – 10 мың дана.

Қырғызстанмен жасалған келісім жобасында техниканың Қой-Таш елдімекеніне жеткізілетіні, шығындарды қазақстандық тараптың көтеретіні көрсетілген.

Беретін мүлік тізімі:

БО оғы бар 5,45 мм патрондар – 6 млн дана;

Жарықшақты-фугасты бастиегі бар 122 мм реактивті снаряд – 1000 дана;

Қызғылт сары түсті түтінді жерүсті сигналдық патрон – 2000 дана;

26 мм сары түсті отты сигналдық патрон – 1000 дана;

"Восток-СП" есту-қабылдау бекеті – 4 бірлік;

"Галактика" РПҚ – 6 бірлік;

"Калина 12х80" антенналық коммутаторы.

Айта кетсек,  алушы екі елдің  бұл жабдықты үшінші тұлғаларға бере алмайтыны, сата алмайтыны құжаттарда айқын көрсетілген. Қос құжат 6 ақпанда талқылауға шығарылды және ол 20 ақпанға дейін жалғасады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір