• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 20:35:26
Алматы
+35°

Әлем асыға күтіп отырған отандасымыз Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы үшінші кездесудің қашан өтетіні анықталды, деп хабарлады Vesti.kz

Жекпе-жекке түсетін қос былғары қолғап иелері дәл осы кездесу шешуші болатынын алға тартуда. Әйтсе де жерлесіміздің жігері шаршы алаңда арта түсері хақ. Себебі GGG-ға дейін, мексикалық боксшы Альварес мамырда Йылдырыммен, кейін Сондерспен сынға түспек. Ендігі айқас көрермен үшін трилогия іспетті. 

Сарапшы жекпе-жек  өтуі мүмкін айларды анықтады:

– Олар осы жылы күзде немесе келесі жылдың көктемінде орын алуы мүмкін, содан кейін бұл атышулы айқасқа нүкте қойылатынын айтуда. Дегенмен әлі ресми келіссөздер болған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин мамыр айында мексикалық Хайме Мунгиямен жұдырықтасуы мүмкін екендігі хабарланған. Егер боксшымыз осы кездесуде жеңіске жетсе, онда қыркүйекте "Саульмен" үшінші жекпе-жегін өткізеді. Ал, жеңіліс тапса, онда орта салмақта тағы бір мексикалықтың бағы жанғалы тұр.

ГОЛОВКИН&ХАЙМЕ

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір