• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 20:11:29
Алматы
+12°

Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмысын жүргізу барысында азаматтық қоғаммен сындарлы өзара іс-қимылды күшейту қажеттілігі туралы тапсырмасы шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің төрағасы Алматы қаласында қоғам белсенділерімен ашық диалог өткізді.

– Белсенді азаматтық қоғамсыз сыбайлас жемқорлықты азайту, оның көзін жою туралы айтудың мағынасы жоқ. Сондықтан біз қоғамдық серіктестерді таңдауда өзімізді шектемейміз. Бүгінгі таңда Агенттіктің 80 мыңға жуық сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенділер мен еріктілердің қолдауы бар, олардың өтеусіз қызметі азаматтардың нақты мәселелерін шешуге көмектесті. Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз, жұмысты жалғастырып, алдын алу қызметін күшейтеміз, –  деді Алик Шпекбаев.

Іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, мемлекеттік органдардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының ректорлары, «Алматы – адалдық алаңы», «Саналы ұрпақ» жобалық кеңселерінің, арнайы мониторингтік топтың және олардың филиалдарының басшылары қатысты. Жиын барысында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары, Агенттік жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің басшысы Игорь Рогов шақырылған қонақтардың қатарында болды.

Отырысты аша отырып, «Алматы – адалдық алаңы» жобасының кураторы Ержан Бабақұмаров жобаны іске асыру қорытындылары бойынша оң нәтижелерді атап өтті: «Жүргізілген жұмыс шеңберінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар деңгейінің төмендеуінің, халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенділігінің артуының оң серпіні байқалады, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты ұйымдастыру мен жүргізудегі жаңа тәсілдердің салдары болды».

Түрлі форматтағы іс-шаралар арқылы жүздеген алматылықтар елдегі қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат туралы жаңа және қосымша ақпарат алды, өздерінің құқықтық білімдерін нығайтты. Бұл жұмыс қаланың барлық аудандарында «Адалдық алаңы» филиалдары ашылғаннан кейін қосымша серпін алды.

Кездесу барысында жобалық кеңсенің жаңа басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айнұр Сабитова таныстырылды.

– «Адалдық аланы»  жобасы аясында үлкен жұмыстар атқарылды. Тұрғындар сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстағы оң өзгерістерді атап өтті, осы жылға жаңа мақсаттар қойылып, жекелеген жобаларды іске асыру басталды. Қазір жергілікті атқарушы органдарда және халық үшін әлеуметтік маңызды салаларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілуде, – деп атап өтті Айнұр Сабитова.

Спикерлер, Агенттіктің жобалық кеңселерінің жетекшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың уақытылы және үйлестірілген іс-қимылдарының тиімділігін, сондай-ақ жазаның бұлтартпастығы қағидатын мызғымас сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Шақырылған қоғам белсенділері сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысқа, оның ішінде қоғамды саяси жаңғырту және демократияландыру призмасы арқылы өз көзқарастары мен түсініктерін білдірді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін белгіледі.

Агенттік  Төрағасы барлық мәселелер бойынша толық түсініктемелер беріп, бірқатар нақты өтініштерді бақылауға алды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың басшыларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жұмысты күшейтуге, «Адалдық алаңы» жобасының жұмысын жандандыруға шақырды.

– Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды, біз үшін белсенді қайраткерлермен әрбір кездесу маңызды. Біз басқарушылық шешімдерді мұқият пысықтаймыз және нақты қабылдаймыз, кейіннен мұның бәрі заңнамадағы өзгерістерде көрініс табады, – деп Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшысы сөзін қорытындылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір