01 Ақпан, 2021 NEWS
Фото: tengrinews.kz
Алматыда коронавирусқа қарсы ерікті вакциналау науқаны басталды. Алғашқылардың бірі болып қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин ресейлік "Sputnik V" вакцинасын салдырды.
Бас санитар дәрігер әуелі дәрігердің тексеруінен өтті. Алдын-ала оның дене қызуын, қан қысымын өлшеп, онкологиялық аурулардың бар-жоғы анықтады.
– Бірінші рет вакцина салдырып тұрған жоқпын. Сапасы дәлелденген. Ресейде 2 миллионнан астам адам осы вакцинаны салдырды. Мұның өзі вакцинаның сапалы екенін көрсетіп тұр. Сондықтан ешқандай қобалжу жоқ, вакцинаның сапалы, жақсы екеніне толық сенімдімін, – деді Бекшин.
Сондай-ақ, қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаевқа да екпе салынды.
– Вакцинация – бұл пандемиямен күрестегі шешуші қадам. Бүгін мен оның маңыздылығын, қауіпсіздігін көрсету үшін вакцинаны қабылдадым. Жақында өзіміздің отандық вакцина егуге дайын болады. Біз ғалымдарға сенеміз. Сондықтан мен қала тұрғындарына – барлығына осы қадамды жасауға кеңес беремін. Вакциналау жүріп жатқан кезде біз маска тағуды, әлеуметтік арақашықтықты сақтауды жалғастыруымыз және вируспен күресудің басқа шараларын қолдануға тиіспіз, – деді Е. Бабақұмаров.
Еске сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бүгіннен бастап Қазақстанда коронавирусқа қарсы "Sputnik V" вакцинасын ерікті түрде салу басталды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір