• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:03:32
Алматы
+12°

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин әлемдік экономикалық форумда Байден Трамптың Қытайға қатысты саясатын жалғастыратын болса, соғыс басталатынын ескертті.

Си Цзиньпин коронавирус салдарынан болған экономикалық дағдарыстан шығу жолын ұсыну арқылы пандемияны сылтауратып бөліну мен оқшаулану үшін қолданылмауы қажет екенін айтты.

Қытай басшысы Джо Байденнің есімін атамаса да, АҚШ-ты да ауызға алмаса да сөзі арқылы Қытай Вашингтонның ырқына көнбейтінін жеткізді.

– Соғыс ашу, бас тарту, біреуге қоқан-лоқы көрсету, қорқыту, санкция салу мен тауар жеткізуді тоқтату әлем дағдарысына әкеліп соғады. Ешбір ел өз бетінше әлемдік деңгейдегі мәселені шеше алмайды. Мәселені шешу үшін бөлінбеуіміз қажет, – деді Си Цзиньпин.

Си Цзиньпин Қытайдағы ұйғырлар мен Гонконгта болған оқиғаға байланысты Дональд Трамптың хатшысы Майк Помпеоның "геноцид жасады" деген айыптауын да қабылдамайтынын жеткізді.

– Әлемде мәдениеті, тарихы, әлеуметтік жүйесі бірдей ел жоқ. Әр мемлекеттің ерекшелігі бар. Ешқайсысы бір-біріне ұқсамайды. Елдердің әртүрлі болуы дабыл қағуға себеп емес. Жеккөрушілік сезімі, тәкаппарлық, өз мәдениетін, тарихын, әлеуметтік жүйесін таңу дабыл қағуға тұрады, – деп сөзін қорытындылады Си Цзиньпин.  

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір