• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 02:29:41
Алматы
+12°

Қазақстандық шаңғышы, 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Николай Чеботько 38 жасында қайтыс болды, деп хабарлады Olympic.kz сайты.

Сайт мәліметінше, олимпиада ойындарының қатысушысы жол апатынан қайтыс болған.  Апат 24 қаңтарға қараған түні Бурабай кентінің (Ақмола облысы) маңында болған.

Николай Чеботко 2013 жылы Валь-Ди-Фьеммада әлем чемпионатының үшінші сатысына көтерілген (командалық спринт). Оның қоржынында Азия ойындарының үш алтын, төрт күміс және екі қола медалі бар.

"Ұлттық Олимпиада комитеті еліміздің барлық спорттық қоғамдастығы атынан Николай Чеботьконың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Біз оны талантты шаңғышы, нағыз олимпиадашы, жақсы адам ретінде есте сақтаймыз!" делінген сайт хабарламасында.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Николай Чеботько

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір