19 Қаңтар, 2021 Әлеумет
Фото: dimashnews.com
Димаш өзінің әнімен, тамаша даусымен тілі бөлек, танымы бөлек миллиардттаған жандардың жүрегіне жол тапқан нағыз өнерпаз, әлем елшісі. Бұл туралы АҚШ президенті Джозеф Байденнің инаугурациясын тойлау апталығының ашылу салтанатына Димаш Құдайбергеннің шақырылуын түсіндірген "Sister Cities International" компаниясының өкілі Dean Suozzi-Auberry мәлім етті. Кеш ұйымдастырушысының айтқандарын ақын, аудармашы Айбек Ережеп тәржімалап, желідегі парақшасында жариялады.
Президент инаугурациясын тойлау апталығына арналған салтанатты іс-шарада Димаш Құдайберген қазақтың халық әні "Самалтауды" орындаған.
Осылайша, Димаш АҚШ-тың сайланған президентін инагурациялау апталығын ашатын іс-шарада "Sister Cities International" мен Қазақстан-АҚШ қарым-қатынасының бүкіл тарихында Қазақстаннан алғаш рет қатысқан әртіс атанды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір