15 Қаңтар, 2021 NEWS
Фото: akorda.kz
Қазақстанда тәуелсіздіктің 30 жылдығында жаңа реформалар жүргізіледі. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші шақырылған парламенттің 1-ші сессиясында хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев күрделі кезеңде бір секундқа да тынығуға болмайтынын атап өтті.
– Жыл басында сайлау өткізу арқылы біз дамуға жаңа жол ашамыз. Тәуелсіздіктің 30 жылдығында жаңа реформалар жүргізіледі. Басты басымдық – халқымыздың әл-ауқатын жақсарту, – деді президент.
Оның айтуынша, партиялардың көзқарастары әртүрлі болғанымен, мақсат ортақ.
– Өткен сайлау біздің тарихымызда жаңа парақ ашты. Дауыс беру барлық өңірдегі халық біздің еліміз таңдаған жолды қолдайтынын көрсетті. Партиялардың саяси көзқарастары әртүрлі болғанымен, мақсат ортақ. Мәжілістің көппартиялы жаңа құрамы біздің қоғамда бәсекеге қабілеттіліктің өскенін көрсетеді, – деді Тоқаев.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір