Фото: pandaland.kz
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Қырғызстанда 12 жастағы жасөспірімнің қайтыс болғануына байланысты пікір білдірді.
"Қазақстандық консул қайтыс болған жасөспірімнің туған-туыстарымен және жергілікті құқық қорғау органдарымен байланыста. Жасөспірімнің ата-анасына барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіледі. Алдын ала мәліметтер бойынша, біздің отандасымыз шаңғымен сырғанау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан қайтыс болды" делінген министрлік хабарламасында.
Айта кетейік, оқиға 12 қаңтар шамамен сағат 15.00-де Қырғыстанның Қаракөл қаласында болған. Ыстықкөл облысы ішкі істер министрлігі мәліметіне сүйенсек, 12 жастағы қазақстандық шаңғымен төмен сырғанап келе жатқанда шыршаға соғылып, оқиға орнында көз жұмған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір