7-10 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруымен ШЫҰ миссиясы парламент мәжілісінің сайлауына дайындық және бақылаушылардың 55-ші мерейтойлық миссиясын өткізді. Миссия құрамында 15 бақылаушы – заңнамалық сайлау органдарының өкілдері аккредиттелді. Бұл туралы сайлауды өткізу қорытындысына арналған брифингте миссия басшысы, ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары мәлімдеді, деп жазады ortcom.kz сайты.
Чжан Хайчжоудың айтуынша, миссия мүшелері 118 сайлау учаскесіне барды. Ол процесті ұйымдастыруға дайындық жақсы болғанын атап өтті.
– Санитарлық нормаларды сақтау, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлар жасалған, сурдоаудармашылардың көмегі қарастырылған. Халықаралық байқаушыларды шақыру ашықтық пен демократияға ұмтылыс ретінде бағаланады. Қазақстан Республикасында азаматтардың барлық конституциялық құқықтарын тең және еркін жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасалған. Сайлау нәтижелеріне әсер етуі мүмкін бұзушылықтар анықталған жоқ. Миссия, елдің заң шығарушы органын сайлау демократиялық Қазақстанды одан әрі дамыту жолындағы маңызды қадам болды деп мәлімдейді. Миссия Қазақстан Республикасының халқын сайлаудың аяқталуымен құттықтайды және мемлекеттілікті нығайту мен әлеуметтік-экономикалық даму бағытын одан әрі жүзеге асыруда табыс тілейді, – деді ШЫҰ бақылаушылар миссиясының басшысы.
Ол сондай-ақ СІМ, ОСК және басқа да ведомстволардың атынан миссия бойынша әріптестеріне, науқанды ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.
Пікір қалдыру
пікір