• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 03:04:53
Алматы
+12°

09 Қаңтар, 2021 NEWS

Саяси партиялардың «тыныштық күні» алдындағы қам-қарекеті

«Тыныштық күніне» бір күн қалғанда саяси партиялар үгіт-насихат аясындағы соңғы іс-шараларын ұйымдастыруда.

Көрнекі сурет

Бюллетен нөмірі бірінші Қазақстан Халық партиясы Алматыда сайлауалды штабының кеңсесінде қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар мен партия көшбасшыларының онлайн конференциясын өткізді.

Қазақстан халық партиясы аралық қорытындыны шығарды

Партия мүшелері сайлау науқанының аралық қорытындысын шығарып, алдағы мәжіліс пен мәслихат сайлауына дайындық жөніндегі жұмыс жоспарын талқылады.

Өзекті мәселелерді талқылауға Қазақстан Халық партиясы көшбасшыларының бірі Жамбыл Ахметбеков қатысып, сөз сөйледі. Ол мемлекет өнімді және лайықты ақы төленетін еңбек құқығын қамтамасыз етуі тиіс екенін мәлімдеді.

– Экономика өсімді көрсетсе де, халық мұны сезбейді. Біз өнімдерді, тауарларды, жабдықтарды импорттаймыз және бағаның үздіксіз өсуін байқаймыз. Қазақстандықтардың доллардағы орташа табысы 2008 жылдан бері өсіп келе жатқан жоқ. Қазақстанға халықтық экономика қажет. Мұндағы негізгі басымдық – ЖІӨ-нің өсуі емес, тұрақты жұмыспен қамту және халық табысының өсуі, – деді партия төрағасы.

Ал «Nur Otan»-ның Республикалық сайлауалды штабы еліміздің барлық 17 өңірін аралады.

qamshy.kz

Әр қала мен ауданда партия өкілдері жастармен, кәсіпкерлермен, дәрігерлермен, мұғалімдермен, зейнеткерлермен, жұмысшылармен, аграршылармен, зиялылармен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады. Партияның көздеген мақсатын, алға қойған міндеттерінің орындалуына қандай кепілдіктер беретінін түсіндірді.

– «Nur Otan»-ның үгіт-насихат жұмыстары дабыра-дақпыртсыз, мазмұнды да қарқынды өтті. 7 миллион сайлаушыны қамтып, 28 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылды. Олардың бәрі бұқаралық іс-шаралар емес – нақты адамдармен өзекті мәселелерді талқылауға арналған тақырыптық кездесулер. Уақытымыздың 80%-ін азаматтардың сауалдарына жауап беруге арнадық», – деді сайлауалды штаб жетекшісі Бауыржан Байбек.

Оның айтуынша, «Есіктен есікке» акциясы аясында жасотандықтар 1,4 млн. үй мен пәтерлерді аралап, 6,2 млн. үгіт материалдарын таратқан. Өңірлерде қоғамдық қабылдаулар қызу жұмыс істеп, 95 мыңнан астам өтініш түсті. Олардың үштен бірі – ұсыныстар мен аманаттар.

«Ауылдықтар» болса, үгіт-насихат аясында 2145 ауылға барған. Бұл «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Алматы облысындағы «Байсерке-Агро» ЖШС-і базасында өткен «Ауыл  – ел ырзығының иесі!» атты сайлауалды науқанын аяқтау акциясы барысында белгілі болды. Іс-шараға партия төрағасы Әли Бектаева, ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттарға кандидаттар қатысты.

Ауыл – ел ырзығының иесі! | “Адырна” ұлттық порталы

«Ауыл» партиясының төрағасы үгіт-насихат жұмыстарының қорытындысына тоқталып, осы іс-шараны өткізу орны мен форматын таңдау кездейсоқ емес екенін атап өтті, өйткені бағдарламалық платформаның басты бағыты АӨК-ті дамыту және ауылды жандандыру болып табылады.

Ол бір ай ішінде барлық өңірлерде толық ауқымды үгіт-насихат науқаны жүргізілгенін атап өтті. «Ауыл» партиясының үгіт жұмысы бір күнге де тоқтаған жоқ. Үгіт-насихат жұмысының алғашқы күнінен бастап республикалық және облыстық БАҚ-та жариялаумен 200-ден астам іс-шара өткізілді. Бекітілген медиа-жоспарға сәйкес өңірлерде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың қатысуымен тиісті деңгейде 300-ден астам іс-шара ұйымдастырылды.

6000-нан астам іс-шара облыстық және аудандық мәслихаттарға кандидаттардың қатысуымен республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып ұйымдастырылды, оған «Ауыл» партиясынан депутаттыққа кандидаттардың кәсіпорындар ұжымдарымен кездесулері, кеңестер, дөңгелек үстелдер, флэшмобтар кірді. 20 желтоқсаннан бастап «Ауылдан Ауылға» республикалық акциясы басталды, оның мақсаты ең шалғай ауылдардың тұрғындарымен кездесу және оларға партияның сайлауалды бағдарламасын жеткізу. Осы уақыт ішінде барлық деңгейдегі депутаттыққа кандидаттар 2145 ауылға барды.

«Ақ жол» демократиялық партиясы ліміздің барлық қалаларында «Ақ жолмен» бірге жарқын жолмен!» автошеруі еліміздің барлық қалаларында өткізді.

Мұндай  науқанды «Ақ жолдың» республикалық штабы дәстүрлі түрде үгіт-насихат науқанының соңғы күнінде ұйымдастырады.

Ақ жолмен» бірге жарқын жолмен!» автошеруі еліміздің барлық қалаларында  өтті - «Ақ жол» демократиялық партиясының» ресми сайт

Бүгін Қазақстанның барлық өңіріндегі «Ақ жол» партиясының кеңселерінен жалаулар мен демпартияның үгіт атрибуттарымен безендірілген ақ автокөліктер легі бір мезгілде жолға шықты.

Көліктердің түсінің ақ болуы кездейсоқтық емес, ол «Ақ жол» демократиялық партиясының атауы - жарқын жолмен сәйкес келеді. Ақ түс тазалықты, таңдалған жолдың ашықтығын білдіреді.

Автокөліктердің бағыттары қазақстандық қалалардың барлық орталық көшелерін, көпірлерін, жолайырықтарын және даңғылдарын қамтыды. Науқанға қатысушылар азаматтарды 10 қаңтарда сайлауға келіп, «Ақ жол» партиясына дауыс беруге шақырды.

«ADAL»  партиясы сайлау алдындағы жарыстың соңғы үгіт күнін Қазақстандағы парламенттік сайлау тарихында тұңғыш рет депутаттыққа үміткерлердің 12 сағаттық тікелей эфирін жүргізуде.

«ADAL» партиясының Инстаграм мен Фэйсбуктегі ресми парақшаларында, сондай-ақ Youtube-каналында үзіліссіз тікелей эфир 8 қаңтарда сағат 12.00-ден бастап өтуде. Тікелей эфир БАҚ пен Интернетте кез-келген үгіт материалдарын жариялауға тыйым салынған «тыныштық күні» деп аталатын күн басталуға бір минут қалғанда аяқталады.

Тікелей эфирды мәжіліс депутаттығына үміткерлер Мақсат Толықбай, Дәулет Мұқаев, Олжас Ордабаев, Алмасбек Садырбаев, Лаура Маликова, Ақмарал Бекмұрзаева, Алина Асқарова және партия өкілдері Нұрлыбек Мұқанов, Ануар Керембаев жүргізуде.

Үміткер Мақсат Толықбай «ADAL»-дан мәжіліс депутаттығына 16 үміткер, сондай-ақ барлық деңгейдегі мәслихаттарға 537 үміткер бір айға жуық уақыт бойы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізгенін атап өтті.

– Бұл елдің 22 қаласы мен 163 ауылдық аймағында 4918 кездесуді қамтыды. Кездесулерге 138856 азамат қатысты. Біздің, әрине, сайлаушылармен айтатын және бөлісетін нәрселеріміз бар. Эфирде партияның құндылықтары, партия бағдарламасының негізгі міндеттері туралы айтамыз. Біз тұрғындардан келіп түскен сұрақтарға жауап беруге, өзекті мәселелерді талқылауға ерекше назар аударамыз, – деді ол.

Оның айтуынша, ел тұрғындары түрлі сұрақтар қойып, түрлі өтініштер жасайды.

– Біреу жалақының аздығына, тұрғын үйдің жоқтығына, ауыз суға және жұмыссыздыққа шағымданады. Ал біреу білім беруді, денсаулық сақтауды жақсарту туралы айтады. Күн сайын біз азаматтардың партияға кіруге деген ұмтылысы туралы өтініштер ағымын тіркейміз: қалалар мен ауылдарда орналасқан 3000 қорапқа кездесулердің нәтижелері бойынша 177 мыңнан астам өтініштер келіп түсті. 69 мыңнан астам өтініш adalpartiyasy.kz сайтына түсті. Нәтижесінде біз, партия мүшелері, 300 мыңнан асып кеттік, –  деді Мақсат Толықбай.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: үгіт-насихат сайлау

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір