08 Қаңтар, 2021 NEWS
Фото: Павел Михеев
Осындай ұранмен Алматы нұротандықтары 10 қаңтарда өтетін сайлауда партияны қолдау үшін екінші автомитингкте бірікті.
Автомитингке Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттар, олардың арасында танымал қазақстандықтар: 2000 жылғы Олимпиада чемпионы, боксшы Ермахан Ибраимов, актер, сценарист және продюсер Мейіржан Төребаев, журналист Сергей Пономарев, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Бекқали Торғаев және басқалар да қатысты.
«Екі апта бұрын біздің алғашқы «BIZ BIRGEMIZ» автомитингіміз бүкіл ел бойынша кең қоғамдық резонанс тудырып, алматылықтардан үлкен қолдау алып, көптеген автомобиль жүргізушілерін жинағанына қуаныштымыз. Бүгін бірінші автомитингке қатыса алмаған тұрғындар келді. Бізді мегаполис тұрғындарының осындай бірлігі мен үйлесімділігі қуантады! Олардың бүгінгі шараға қатысқаны Елбасы мен Nur Otan партиясының алдағы 5 жылдағы бағытына нақты қолдау көрсететінін дәлелдейді» деп атап өтті Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров.
Әлеуметтік желілерде қаланың қарапайым тұрғындары мен танымал тұлғалары – опера әншісі, актриса, педагог Бибігүл Төлегенова, Қазақстанның Еңбек Ері, актер, театр және кино режиссері Асанәлі Әшімов, эстрада орындаушылары Айгүл Иманбаева, Мәдина Сәдуақасова, Әли Оқапов және басқа да танымал қазақстандықтар қуатты қолдау білдірді.
Естеріңізге салсақ, Алматы нұротандықтарының сайлауалды бағдарламасы мегаполисті кешенді дамытуға бағытталған, партия біздің қаламызды әртараптандырылған, бәсекеге қабілетті экономикамен қарқынды дамып келе жатқан, 2 миллион алматылықтың өмірі үшін жайлы және қауіпсіз ететін нақты шараларды ұсынады.
Мәселен, нұротандықтардың жоспарында-зиянды заттар шығарындыларын 3 есеге азайту және ЖЭО-2 газдандыру. 350 шақырым автожол, 4 жол айрығы және 7,5 млн шаршы метр тұрғын үй құрылысы. 240 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құру, 19 емдеу-сауықтыру мекемелерін, 7 жаңа мектеп пен 330 балабақша салу. Партияның сайлауалды бағдарламасының толық нұсқасы nurotan2021.kz сайтында орналастырылған.
Еліміздің жетекші саяси күші ретінде Nur Otan халқымыздың бірлігіне, елдің өркендеуіне және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатына жұмыс істеуді жалғастырады. Nur Otan - нақты істер партиясына дауыс беріңіз!
Nur Otan партиясы Алматы қаласының сайлау қорының қаражатынан төленді
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір