• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 22:24:18
Алматы
+7°

07 Қаңтар, 2021 Барлық аймақтар

Өз партиясы Трамптан теріс айналды

Трамп Вашингтонда президент сайлауындағы жеңісін «ұрлап алды» деп мәлімдегеннен кейін оның жақтастары Капитолийге басып кірген.

Фото: politicaldig.com

Дональд Трамп жақтастары АҚШ конгрессі ғимараты – Капитолийге басып кіргеннен кейін Республикалық партиядағы жақтастары одан теріс айналды.

– Біздің Капитолийге басып кіру арқылы сендер жеңіске жетпедіңдер. Зорлық ешқашан жеңген емес. Еркіндік әрқашан жеңіс тұғырында тұрады. Ал еркіндік дегеніміз – Халық үйі. Вандализм мен зорлыққа қарамастан әлем біздің демократияның күші мен беріктігіне тағы бір көз жеткізді, – деді АҚШ-тың вице-президенті Майк Пенс.

Трамп Вашингтонда президент сайлауындағы жеңісі "ұрланды" деп мәлімдегеннен кейін оның жақтастары Капитолийге басып кірген. Тәртіпсіздік басталғаннан кейін қазіргі президент Дональд Трамп  жақтастарына үйлеріне қайтуын сұрағанымен сайлаудың әділетсіз өткені туралы қайталап, тәртіпсіздіктің тоқтамауына түрткі болды.

Шерушілер Капитолийге басып кірместен бұрын былтыр өткен президент сайлауында шешуші рөл ойнаған сайлау бюллетендері ғимараттан шығарылған.

Тәртіпсіздік кезінде бір әйел қайтыс болды. Ғимаратта екі жарылғыш зат табылды. Капитолийдегі жағдайдан кейін Трамптың Республикалық партиядағы жақтастары одан теріс айналды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір