06 Қаңтар, 2021 NEWS
Фото: qamshy.kz
Ұрпақтар сабақтастығы, үлкенге құрмет, кішіге ізет, балаларға қамқорлық, өзара қолдау жасау дәстүрі, еңбексүйгіштік пен білімге құштарлық секілді құндылықтар отбасында қалыптасады. Аға ұрпаққа қамқорлық, ардагерлерге, зейнеткерлерге қамқорлық жасау – «Nur Otan» -ның міндеті. Оларға қолдау көрсету ұдайы партия назарында.
«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында партия медициналық-әлеуметтік мекемелерде қарт адамдардың өмір сүру жағдайына мониторинг жүргізуді жалғастырады. сондай-ақ Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне және зейнет жасындағы адамдарға жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге бастамашылық жасайды. Бүгін осы мақсатпен партияның бағыт-бағдарын баяндап, үгіт-насихат жұмыстарын үшін «Nur Otan» партиясы атынан Түркістан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Алмас Салимов тыл ардагері, 80 жастагы Сансызбаева Рахат апайдың отбасында болды.
А.Салимов, партияның бағыттарын баяндай келе, ауданның табысты дамуының кепілі – ортақ мүдделерімен біріккен азаматтардың белсенділігі екендігін айтты. Төмендегіше бағыттарға тоқталды.
Бізге мемлекеттік органдар мен аудан тұрғындарының өзара қарым-қатынасының мүлдем жаңа сипатын қалыптастыру қажет. Ынтымақтастықтың басты қағидаттары ашықтық, есеп берушілік және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл болуы тиіс. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы: электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді 100%-ға жеткізуге; ауданның сауда объектілерінің 65 пайызын қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға көшуіне; «Nur Otan» ашық талқылау және аймақ тұрғындарының мәселелерін шешу алаңына айналдыруға; төртінші деңгейлі бюджетті бөлу кезінде жергілікті қоғамдастықтың барынша назарын аударуға; аудан тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту бойынша іс-шараларды өткізуде үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін іске қосуға; Қоғамдық кеңесте аймақ дамуының өзекті мәселелерін қарауға; аудандық бюджетті қалыптастыру кезінде жергілікті қоғамдастықтың барынша назарын аударуға; мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне партиялық және қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуге; жергілікті мәслихаттың құзіретін күшейтуге ықпал етеді. Нәтижесінде 2025 жылға қарай «бір терезе» негізінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 100%-ға, сауда объектілерінің қолма-қол ақшасыз есеп айырысу көрсеткіші 65%-ға жетіп, мемлекеттік қызметтердің 94%-ы автоматтандырылады.
Осылай деп партияның сайлауалды бағдарламаның тармақтарын жіті түсіндіріп, алдағы сайлауда белсене қатысуға шақырды.
«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.
«Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Сарыағаш ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір