05 Қаңтар, 2021 NEWS
Фото: news.sportbox.ru
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Хайме Мунгия арасындағы жекпе-жектің күні белгілі болды. Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлады.
Сайт мәліметінше, Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының негізін қалаушы Оскар Де Ла Хойя жекпе-жекті ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын растады. Бұған дейін ол боксшылар арасында келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлады.
Оның айтуынша, жекпе-жектің күні 5 мамырға белгіленіп отыр.
– Головкин-Мунгия жекпе-жегі үшін жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл бәріне қызықты жекпе-жек. "Синко де Майо". Бұл жарылыс жекпе-жек болады, – деді Де Ла Хойя.
Еске салсақ, Головкин желтоқсан айында Камил Шереметаны нокаутқа түсіріп, 21-ші рет әлем чемпионы атағын қорғап қалған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір