• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 04:38:31
Алматы
+12°

АҚШ-тың 10 экс-қорғаныс министрі Трампты және оның жақтастарын сайлаудағы жеңілісті қабылдауға шақырды. Сайлау нәтижесін бұзу үшін армияны қолданбауды ескертті. Бұған дейін Трамптың әскери күш қолданып, сайлауды қайта өткізуді сұрағаны жарияланған

Вашингтон Постта жарық көрген және бұрын-соңды болмаған бірлескен хатта қорғаныс хатшылары Джо Байденнің инаугурациясына дейін қалған Трамп әкімшілігінің 17 күнінде ықтималды ең үлкен қорқыныш туралы жазды. Трамп әскери интервенцияны бастау мақсатында дағдарыс тудыруы мүмкін екенін айтты.

"АҚШ-тың қарулы күштерін сайлау дауларын шешуге тарту әрекеттері бізді қауіпті, заңсыз және конституциялық емес территорияға апарады" делінген хатта.

"Осындай шараларды басқаратын немесе жүзеге асыратын азаматтық және әскери шенеуніктер іс-әрекеттерінің республикамызға ауыр зардаптары үшін қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін, жауап береді" деп жазылған хатта.

Қол қоюшылардың арасында Трамп әкімшілігінде қорғаныс хатшысының қызметін атқарған Джеймс Мэттис пен Марк Эспер де болды . Эспер маусым айында Трампқа ашық түрде қарсы шығып, АҚШ әскерлерін экстремалдық жағдайда көшеге орналастыруға мүмкіндік беретін Көтеріліс туралы заңға жүгінуге негіз жоқ екенін алға тартқан.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Трамп армия

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір