• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 14:11:36
Алматы
+12°

Фото: «Nur Otan» партиясының Жамбыл облыстық филиалы

«Nur Otan» партиясынан Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттар Назымхан Абитаев пен Ләйля Бегимбаева Шу ауданы Жаңа жол ауылында көпбалалы аналармен және тұрғындармен кездесті. 

– Шу ауданы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы азаматтарымыздың өмір сүру сапасын арттыру, әрбір адамның таза суға, ауаға және сапалы инфрақұрылымға қол жеткізуін қолдайды. Жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй-коммуналдық саланы жаңғыртуға, сондай-ақ қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы, «Ауыл-Ел бесігі» жобасы іске асырылады. Аудандағы автомобиль жолдарының жоғары сапалылығын қамтамасыз ету де басым бағыттардың біріне жатады. Партияның 2025 жылға арналған сайлауалды бағдарламасының шеңберінде Жаңа жол ауылында жол мәселесі шешімін табатын болады. 2022 жылы ауылдың 6,9 шақырым жолы жөнделсе, 2023 жылы С.Өмірзақұлы көшесіне жөндеу жұмыстары қолға алынады. Осы секілді жергілікті жердегі көптеген әлеуметтік мәселенің шешімін тапқан , – деді Назымхан Абитаев.

Кандидаттар партияның ықпал етуімен ауданда арнайы әлеуметтік қызметтермен мұқтаждарды қамту үшін медициналық-әлеуметтік мекемелер желісін кеңейтіп, мүгедек балаларға арналған 4 оңалту және бейімдеу орталығы ашылатынын алға тартты.

Кездесу соңында кандидаттар қойылған бірнеше сұрақтарға тұшымды жауап берді. Кездесуге келген халық өздерін көптен мазалаған жол мәселесінің партияның сайлауалды бағдарламасы арқылы шешілетіндігіне ризашылықтарын білдіріп, «Nur Otan» партиясына дауыс беретінін және ағайын-туысты осы партияға дауыс беруге шақыратынын жеткізді.

«NurOtan» партиясының Жамбыл облыстық филиалы

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық сайлау қорының қаражатынан төленді

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір