• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 13:28:38
Алматы
+35°

02 Қаңтар, 2021 Әлеумет

Фото: көрнекі сурет

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Pfizer және BioNTech компанияларына вакцинаны қолдануға рұқсат берді. Препарат қауіпсіздік пен тиімділіктің қажетті өлшемдеріне сәйкес келеді. Бұл туралы vlast.kz сайты хабарлады. 

ДДҰ сынақ нәтижелері әлі қол жетімді емес эпидемиямен күресу үшін қажетті препараттарға шұғыл рұқсат береді. Бұл БҰҰ-ға кедей елдерге вакцина сатып алуға мүмкіндік береді. 

Pfizer және BioNTech вакцинасы – ДДҰ-дан осындай рұқсат алған алғашқы вакцина. Ол қазірдің өзінде АҚШ, Ұлыбритания және Еуропалық Одақ елдерінде қолданылады. Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі компаниялармен вакцина сатып алу туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын, бұл келіссөздердің егжей-тегжейі белгісіз екенін мәлімдеді. 

Әлемде коронавирустың 84 миллионнан астам жағдайы тіркелді, оның салдарынан 1,8 миллионнан астам адам қайтыс болды, 59,6 миллион адам жазылды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір