• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 08:41:07
Алматы
+12°

Мемлекет басшысы өлім жазасын жоюға бағытталған "Азаматтық және саяси құқықтар" туралы халықаралық пактіге екінші Факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы "Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды". Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Бұған дейін Конституциялық кеңес Тоқаевтың өтінішіне жауап ретінде өлім жазасы туралы ережелерді түсіндіргені хабарланған болатын. 29 желтоқсанда ратификациялық заң парламентте мақұлданды.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан өлім жазасын қолданбауға және өзінің заң шеңберінде өлім жазасын жою үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға міндеттеледі.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Тоқаев Өлім жазасы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір