30 Желтоқсан, 2020 Барлық аймақтар
Абайдың қара сөздері индонезия тіліне аударылды.
Қазақстан елшілігінің тапсырмасымен әйгілі Бали ағаш шебері Вайан Мудана Абай мүсінін жасаған.
Фото: abaialemi.kz
Индонезиядағы ең үлкен кітапханада қазақ әдебиетінің жинағы пайда болды, деп хабарлады 24.kz сайты.
Оның тұсаукесерін еліміздің Джакартадағы елшісі Данияр Сәрекенов жасады. Салтанатты ашылуы Абайдың 175 жылдығына орайластырылды. Жинақтағы ең маңызды кітап – индонезия тіліне аударылған қазақ ойшылдың қара сөздері. Бұл басылымды Адития Адри Салех Аб Рахим бастаған бір топ ғалымдар дайындады. Қазақстан елшілігінің тапсырмасымен әйгілі Бали ағаш шебері Вайан Мудана Абай мүсінін жасаған. 24 қабатты Индонезия Ұлттық кітапхана ғимараты әлемдегі ең биік ғимараттың бірі болып саналады. Жаңа технологиялармен жабдықталған жөндеуден өткен кітап қоры 3 жыл бұрын ашылған. Кітапхана директорының орынбасары Воро Харианти айтқандай, қазақ кітаптарының қоры толықтырылады. Атап айтқанда, Қазақстанның Ұлттық кітапханасымен ынтымақтастық жалғасады.
Воро Харианти, Индонезия ұлттық кітапханасы директорының орынбасары:
– Абайдың қара сөздері – ақынның халық тәрбиесі мен дүниетанымын, адамгершілік пен құқық, қазақ тарихы мәселелерін көтерген ең ұлы шығармаларының бірі. Ол өмірдегі маңызды сұрақтарға, шындық туралы білімге жауап береді және өмірдің өзін жақсы түсінуге көмектеседі. Абайдың назар аударарлық өмірлік сабақтары көптеген оқырмандарды шабыттандыратынына сенімдімін, өйткені оның философиялық пайымдауы тек Қазақстанға ғана емес, барлық елдерге де қатысты.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір