• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 19:09:46
Алматы
+12°

Павлодар, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Ақмола облыстарында карантиндік шектеу шаралары күшейтілді. Бұл туралы облыстардың бас санитар дәрігерлері мәлімдеді.

Павлодар облысының бас санитар дәрігері Б. Әлиев 30 желтоқсанда карантин шаралары туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Қаулы 2020 жылдың 31  желтоқсанында сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Аталған қаулыға сәйкес:

  • спорттық іс-шараларды, отбасылық, ойын-сауық, ұжымдық, корпоративтік, салтанатты  іс-шаралар және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынады;
  • ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, қорқор бөлмелері, компьютер клубтары, ойын клубтары, букмекер кеңселері т.б.) қызметіне тыйым салынады;
  • кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне тыйым салынады;
  • 30-дан аспайтын адамның қатысуымен жеке, топтық дайындықты қоспағанда, театрлардың қызметі тоқтатылады;
  • 30%-дан аспайтын толымдылықты және бір келушіге кемінде 5 шаршы метрді қамтамасыз еткен жағдайда, уақытын шектемей, алдын ала жазылу бойынша жеке және топтық жаттығуларға спорт кешендері мен спорт нысандары, оның ішінде фитнес-орталықтарының, жаттығу залдары мен спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметіне рұқсат беріледі;
  • 2020 жылдың 31 желтоқсаннан бастап 2021 жылдың 5 қаңтарына дейін жаңа жылдық ертеңгіліктер, мерекелік корпоративтік шаралар ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады;
  • 2 метр арақашықтықты сақтай отырып, ашық мұз айдындарының жұмысына рұқсат беріледі.

Қызылорда облысының бас санитар дәрігері А.Абдикаимова карантин шаралары туралы №25 қаулысына өзгерістер енгізгенін мәлімдеді.

Жаңа қаулы бойынша 2020 жылдың 2 желтоқсанынан 2021 жылдың 05 қаңтарына дейін қоғамдық тамақтану орындарында, ойын-сауық объектілерінде, кәсіпорындарда, мекемелер мен кеңселерде ұжымдармен ұйымдастыратын жаңа жылдық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. 

Қаулы 2020 жылдың 26 желтоқсанынан бастап күшіне енді.

Ал, Солтүстік Қазақстан облысының бас санитар дәрігері А. Күшбасов 2020 жылдың 11 желтоқсандағы № 38 қаулысында:

  • ойын-сауық, спорттық іс-шаралар, көрмелер, форумдар, конференциялар, сондай-ақ отбасылық, мерейтойлық іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу шаралары) өткізуге тыйым салынады;
  • жаңа жылдық кештер мен мерекелік корпоративтік іс-шараларға тыйым салынады;
  • ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, балалар ойын алаңдары мен жабық аттракциондар, батуттар және басқалары), букмекерлік кеңселердің, кальян барларының, аквапарктердің қызметі тоқтатылады;
  • қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс уақыты 08.00-ден 22.00-ге дейін істейді;

Қаулы 2020 жылдың 26 желтоқсанында сағат 00:00-ден бастап күшіне енді.

Жамбыл облысының бас санитар дәрігері Н. Муликова  2020 жылдың 28 желтоқсандағы № 41 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді

Аталған қаулыға сәйкес, бас санитар дәрігердің бірқатар қаулысының күші жойылады.

Сондай-ақ Тараз қалалық және Жамбыл облысының аудандық бас санитар дәрігерлері эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқылы.

Ақмола облысының бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина карантиндік жаңа шектеу шаралары 30 желтоқсанда сағат 7:00-ден бастап күшіне енетінін ескертті.

Жаңа қаулыға сәйкес: 

  • салтанатты және отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады (банкет, той, еске алу, туған күн, мерейтой, шығарып салу, құдалық);
  • көпшілік жиналатын іс-шараларға баруға тыйым салынады;
  • жерлеу іс-шараларын жүргізу кезінде кемінде 2 метр арақашықтықты сақтай отырып, кемінде 30 адамнан артық адам жиналмауы керек;
  • спорттық іс-шараларды өткізуге, көрмелер, форумдар, конференциялар, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу күндері) үйдегі және басқа да көптеген адамдар жиналатын іс-шараларды өткізуге тыйым салынады;
  • жаңа жылдық ертеңгіліктерін, мерекелік корпоративтерді ұйымдастыруға және өткізуге 2020 жылдың 30 желтоқсанынан бастап 2021 жылдың 5 қаңтарына дейін тыйым салынады.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір