20 Желтоқсан, 2020 Ақтөбе облысы
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі Жолдауында мемлекеттік орман қоры жерлеріне 2 миллиардтан астам, елді мекендерге 15 миллион ағаш отырғызу қажеттігі туралы тапсырмасына орай, Ақтөбе облысының әкімдігі жан-жақты шараларды қолға алды. Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин өңірдегі орман шаруашылығы мекемелеріне Ақтөбе қаласы, Әйтеке би, Шалқар, Мәртөк, Темір, Ойыл, Қобда аудандық орман шаруашылығы басшыларына жаңа тракторлардың кілтін табыстады. Бұдан өзге тереңдетіп жырту соқалары сатып алынды. Облыс әкімі өңірде орман шаруашылығын дамытудың аса қажет екендігін айтып, орманшылардың жұмысынаүнемі қолдау болатындығын атап өтті.
«Елдімекендерді абаттандыру үшін ағаш, талдардың қаншалықты қажет екендігін жақсы түсінесіздер. Оны қорғау үлкен жауапкершілік. Облыстағы орман шаруашылығын дамыту мақсатында жергілкті бюджеттен биыл 212 млн. теңге бөлініп, тарту күші 4 тонналық 6 трактор, 14 жер өңдеу соқалары сатып алынды.
Кейбір елдімекендерді құм басу қауіпі бар. Сондықтан да, техникалармен толықтыру жұмыстарын биылдың өзінен бастап кеттік. Техникалық базаны күшейту, ағаштарды отырғызу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады»,-деді Оңдасын Оразалин.
Облыста орман өсіру көлемін арттыру бойынша жоспарлар бекітілді. Материалдық базаны нығайту үшін 2021 жылға 1,4 тонналық 21 трактор, 4 сорғы станциясы, 9 орман отырғызу машинасын сатып алуға 222,5 млн. теңге қаралған.
Айтып өтейік, облыста мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы ауданы 215814 га, оның ішінде орманмен көмкерілгені 50362 га. 2021-2025 жылдары 30,7 мың га алқапқа 60,1 млн.түп екпелер отырғызу қажет. 2021ж 1086 га, 2022 ж 7333,1 га, 2023 ж 7142,2 га, 2024 ж 6558,6 га, 2025 ж 8624,3 га.
Сонымен қатар, елді мекендерге 2690 га алқапқа жасыл аймақтар құрылып, елді мекендерге 1 млн. астам түп көшет отырғызу жоспарлануда.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір