18 Желтоқсан, 2020 Барлық аймақтар
Фото: Кездесу кезінде түсірілген
Қызылорда облысы, Арал қаласында «Nur Otan» партиясы атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Мейрамбек Жұмашев сайлаушылардың үйінде канвассинг кездесу өткізді.
Үміткер денсаулық сақтау саласының ардагері Асылхан Нұрқожаев, жеке кәсіпкер Болатбек Сариев, ауданды сүт дәне нан өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған ардагер кәсіпкер Зағаладдин Өтеновтің шаңырағында болды. Сайлаушылардың жағдайын сұрап, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Кездесуде денсаулық, кәсіпкерлік, білім саласы сөз болды.
- Партия алдағы уақытта жалпы 4 дәрігерлердің оның ішінде окулист, эндокринолог, ЛОР мамандары, психиатр-наркологтардың жетіспеушілігі мәселесін шешуге, қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды амбулаториялық емдеудің тегін дәрі-дәрмектерімен қамтамасыз ету мәселесін үнемі бақылауда ұстауға, қатерлі ісік ауруын ерте анықтау мақсатында скринингтік зерттеулер жүргізуді ұлғайтуға, ауылдық медицинаны материалдық-техникалық және көлікпен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Сексеуіл кентінде аурухана және Шижаға, Қызылжар, Бөген, Тоқабай елді мекендерінен дәрігерлік амбулатория құрылысын салып, Жақсықылыш кентіндегі медициналық мекемесін күрделі жөндеуден өткізіп, Жақсықылыш кентінен, Жіңішкеқұм, Қосаман, Октябрь, Аралқұм, Қамыстыбас, Аманөткел, Қаратерең елді мекендерінен дәріхана пункттерін ашуға ықпал етеді, - деді үміткер Мейрамбек Жұмашев.
Сала ардагерлері өз кезегінде ұсыныстарын айтып, сәттілік тіледі. Медицина саласының дами түсуіне арналған партия жоспарына ризашылығын жеткізді. «Сын-қатерлерге қарамастан, «Nur Otan» партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, қызмет жасап тұрған жұмыс орындарын сақтап қалып және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін еңбек еткеніне куәміз. Партияның «Біз біргеміз», «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы» жобаларымен жақсы таныспыз. Ауданымызды қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күшін салатынына сенім білдіреміз», - деді ардагер Асылхан Нұрқожаев. Үміткер 10 қаңтарда өтетін сайлауға шақырып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге үгіттеді.
"Nur Otan" партиясының Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір