17 Желтоқсан, 2020 NEWS
Фото: «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының баспасөз қызметі
Қызылорда облысы, Сырдария ауданында «Есіктен есікке» акциясы ұйымдастырылды. Іс шара аясында облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Сейтқамал Сұлтанов аудандық ардагерлер кеңісінің төрағасы және ауыл шаруашылығы саласының ардагерімен кездесті.
Жарқын жүздесу аясында партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, басым бағыттарын жан-жақты түсіндірді. Партияның бес жылдық жоспарымен танысқан ардагерлер сайлауалды бағдарламаның әрбір бағыты әлеуметтің әлеуеттін арттыруға бағытталғаннын айтты.
Берекелі шаңырақ иелері кандидатқа ақ батасын беріп, сәттілік тілесті.
Айта кеткен жөн, «Nur Otan» партиясы Сырдария ауданын дамытудың 7 негізгі басым бағытын ұсынады. Олардың қатарында жол сапасын жақсарту, кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау, жергілікті тұрғындарды көгілдір отынмен қамту сияқты өзекті мәселелер бар.
Басты мақсат-халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасау.
«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір