• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:13:13
Алматы
+12°

Фото: «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі

Кандидаттар кезекті кездесуін «Жібек жолы» ойын-сауық орталығында өткізді.

Парияның сайлауалды бағдарламасында шағын жіне орта кәсіпкерлікті қолдау бойынша арнайы тармақтар айтылған. Шағын және орта бизнесті дамыту – өңір экономикасының өсу резервтерінің бірі болып табылады. ауданның жалпы өңірлік өніміне шағын және орта бизнестің үлесі артып келеді. Дегенмен биылғы жылғы COVID-19 таралуы және оның салдары бизнестің экономикалық белсенділігінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етті. Экономиканың бөлшек және көтерме сауда, қоғамдық тамақтану сияқты секторлары ең көп зардап шекті. Төтенше жағдай кезінде аудан аумағында көптеген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер өзінің қызметін тоқтатты. Партия зардап шеккен бизнес субъектілерінің қызметін қалпына келтіру үшін ғана емес, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-мен мемлекеттік қолдау мен ынтымақтастықтың қолданыстағы құралдарын белсенді пайдалану арқылы жаңаларын құру үшін жағдай жасайтын болады. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде, жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында келер жылға біршама жаңа жобалар қарастырылған.

Фото: «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі

«Nur Otan» алға қойған мақсатқа жету үшін бірінші кезекте қолдаушылардың ұсыныс пікіріне құлақ асады» деді базар ұжымымен кездескен партия жақтастары.

Бірінші кезектегі міндет – қол жеткізген жетістіктерімізді жоғалтпау. Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері орасан зор.

Партиялықтар, сайлаушылардың ұсыныс-пікірін тыңдап, 10 қаңтарда өтетін сайлауға белсенділікпен қатысып, «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі

«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы Сайлау қорының қаражатынан төленді

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір