• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 02:49:34
Алматы
+12°

Фото: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты шараға қатысып, жиынға қатысушыларды ұлттық мерекеміз – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Тәуелсіздіктің 29 жыл ішінде еліміздің жеткен жетістіктеріне тоқталды.
“Тәуелсіздік жайлы ой толғасақ, тебіренбей айту мүмкін емес. Тәуелсіздік- тағдырдың бізге тартқан теңдессіз сыйы. Кезінде қысқа жіп күрмеуге келмей, қордаланып қалған мәселелеріміз аз емес еді. Темір жол бойындағы тәуелділіктен арылу үшін төтеден жол тарттық. Төрткүл дүниемен әуе қатынастары қалыптасты. Азия мен Еуропаның арасындағы алтын көпір болып халықаралық дәрежедегі автомобиль жолдарымен дәліз өткіздік. Елордамызды жаңалап, Ұлы дала төрінен ойып тұрып жаңа қала салдық. Озық елдердің білімі мен тәжірибесін үйрену үшін “Болашақты” бағдарлап жол ашып бердік. Егемен елдің талабына сай атрибуттарымыз толықтай жеткілікті. Елді қорғайтын айбынды әскеріміз, халықтың қауіпсіздігі мен тұрғындардың тыныштығына жауапты құқық қорғау органдары, халықтың мұң-мұқтажын өтеуші мемлекеттік қызмет, барлығы да әлемдік стандартқа сай. Шекарамызды шегендеп, ел іргесін бекіттік. Мұның барлығы тәуелсіздіктің арқасында келді. Ұлт көшбасшысы, Тұңғыш Президент, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың көрегендігімен, табанды саясатының жемісі мен еңбегі. Бүгінгі күні экономикамыз нығайып, халықтың әл-ауқаты жақсарды. Ол жетістіктеріміз қалаларда ғана емес, шалғай жатқан ауылдарымыздан да көрініс беруде. Қала тұрғындары тұтынатын барша қызмет ауыл тұрғындарына да қолжетімді болды. Өлкемізде мұнай мен бірге ілеспе газ да өндіріледі. Өкінішке қарай, егемендік алғанға дейін сол газды факелдермен ауаға бекер жағып ысырап қылған еді. Іргесінде отырған ауыл тұрғындары көмір жағып күл шығаруға мәжбүр болды. Өз алдымызға ел болып, есімізді жиған соң, әуелі табиғаттың бізге берген осы нығметін ел игілігіне жаратуға әрекеттер жасалды. Елдің егемендігі, жердің бүтіндігі ата- бабаларымыздың сан ғасырлық асыл арманы, келешек ұрпаққа аманаты. Ұлық мерекеміз құтты болсын”,- деді Оңдасын Оразалин. qamshy.kzqamshy.kz
Аймақ басшысы облыс дамуына қосқан үлестері мен, талмай сіңірген еңбектері үшін 72 азаматқа түрлі дәрежедегі марапатты табыстады. Алдымен қызметтік міндетін атқару кезінде марқұм болған Әуе қорғанысы күштері Әскери институты материалдық – техникалық қамтамасыз ету батальонының аға маманы, кіші сержант ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Талғат Нұрғалиевтің марапаты анасына табысталды. «Парасат» орденімен “Геобазис” ЖШС бас директорының кеңесшісі Мәлік Жекеев, «Ерлігі үшін» медалімен Ауған соғысының ардагері «Арнайы қызмет - Қандыағаш» ЖШС директоры Роман Тасқынбаев, сондай- ақ, III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен 4 азамат- «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» басқармасы электрмен жабдықтау цехының VI разрядты электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр монтері Нұрлыбек Әбішев, «Казхром» транс ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы филиалы Дөң тау-кен байыту комбинаты «Дөң» кеніші «Горный» учаскесінің экскаватор машинисі Юрий Калинчев, «Aqtobesu - energygroup» акционерлік қоғамының механик – жөндеушісі Олег Кобылкин, «Энергосистема» ЖШС Ойыл электр желілері учаскесінің IV разрядты электромонтер-тракторшысы Ерболат Қонаевтар марапатталса, «Құрмет» орденімен 10 азамат, «Ерен еңбегі үшін» медалімен 21 азамат, «Шапағат» медалімен 9 азамат, ҚР Құрмет грамотасы 7 азаматқа, ҚР Президентінің Құрмет грамотасы 3 азаматқа табысталса, «Ақтөбе облысының Құрметті азаматы» атағы 5 азаматқа берілді. Және Ақтөбе облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен 9 азамат марапатталды. qamshy.kzqamshy.kz

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір