14 Желтоқсан, 2020 Ақтөбе облысы
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Алға, Темір, Байғанин аудандарының елдімекендеріне көгілдір отын кіргізілді. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин газбен қамтылған Сарықобда, Ақсай, Жарлы ауылдарында болып тұрғындардың қуанышымен бөлісті.
“Мен үнемі аға буын өкілдерімен кездескенде Кеңес дәуірін еске түсіремін. Дүниедегі ең мықты мемлекет бола тұра ауылдық жерлерімізге газ, су кіргізілмеді. Бұл жетістіктерге қасиетті Тәуелсіздігімізге қол жеткізгеннен кейін ғана мүмкіндік болып отыр. Мемлекет басшысының тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту қажеттігі туралы тапсырмасына сәйкес өңір халқына барынша қолайлы жағдай жасау міндетіміз, қуаныштарыңыз құтты болсын”,-деді Оңдасын Оразалин.
Өңір басшысының бұл сөздерін толықтай қолдаған ауыл ақсақалдары келер ұрпақ үшін атқарылып жатқан игі істерге алғыс білдіріп, қазақ елінде ауызбіршілік болсын деп бата берді. Аймақ басшысы газ құбырын ресми түрде іске қосып, көгілдір отынның тұтынушыларға жеткендігін қарау мақсатында тұрғындардың шаңырағында болды.
Қазіргі таңда облыс халқының 90,8% көгілдір отынмен қамтамасыз етілген.
2020 жылы 3,4 млрд.теңге болатын газбен жабдықтау жобалары іске асырылуда, өз кезегінде аталған жобалар 10 мыңнан астам халқы бар 13 елді мекенді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осылайша, 2020 жылдың соңына дейін облыс халқының 91,4% газбен қамтамасыз етілетін болады. 2021 жылы жалпы құны 1,8 млрд. теңгеге газбен жабдықтау жобалары іске асырылатын болады, бұл 6,4 мың халқы бар 10 елді мекен. Сонымен қатар, 2021 жылы 9,9 млрд.теңгеге 5 жобаны іске асыруды бастау жоспарлануда.
Облыс басшысы әлеуметтік нысандардың ашылуына қатысты. Шұбарқұдық кентінде дене шынықтыру - сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Екі қабаттан тұратын ғимарат “Темір балалар- жасөспірімдер спорт мектебінің меншігінде болмақ. Мұнда 600- ден астам бала бокс, дзюдо, қазақша күрес, футбол т.б спорт түрлерімен айналысады. Аймақ басшысы спорт нысанын аралап, жабдықтармен танысты. Оңдасын Оразалин жаңа ғимараттың ашылу құрметіне спорттық жабдықтар алуға сертификат табыстады. Құны 450,7 млн тг салынған кешенді салу жұмыстары өткен жылы басталып 2020 жылы аяқталды. Тағы бір дене шынықтыру-сауықтыру кешені Байғанин ауданында да ел игілігіне берілді. Бір мезгілде мыңға жуық адамды қабылдауға қауқарлы спорт нысанында ойын алаңы, бассейн, күрес залы, жаттығу залдарымен қамтылған. Ол үшін 299,5 млн теңге қаралған. Заманауи үлгідегі спорт кешеннің қүрылысы 2019 жылы басталып, биыл аяқталды.
Өңір басшысы жаңадан салынып жатқан аудан әкімдігі ғимаратының құрылысымен танысты.
Құрылысы биыл басталған нысан жұмысына 268,1 млн теңге қаралған. 2021 жылдың тамыз айында аяқталу жоспарда. Уақытша жұмыс орны құрылып, онда 22 азамат жұмысқа орналасты.
Оңдасын Оразалинге Байғанин ауданының әкімі “Ауыл ел бесігі”,” ЖҚЖК” мемлекеттік бағдарламалары арқылы атқарылған жұмыстарды таныстырды.
Облыс әкімі Байғанин ауданының әкімі Қайрат Отаровқа, Темір ауданының әкімі Жолдас Батырханға, Алға ауданының әкімі Мамырғали Аққағазовқа болашағы бар ауылдық елдімекендерді көгілдір отын, су көздерімен қамтуды белсенді жүргізуді, инвестициялық жобаларды жүзеге асырып, жұмыс орындарын көбейтуді тапсырды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір