12 Желтоқсан, 2020 NEWS
Фото: Qamshy.kz
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресейдің мемлекеттік дума депутаты Вячеслав Никонов секілді деңгейдегі адамның ойсыз айтылған мәлімдемесіне назар аудармайды. Бұл туралы КазТАГ агенттігіне министрліктегі дереккөз мәлім еткен.
– Бұл ("Қазақстан аумағы – Ресей тарапынан жасалған сый" деу – ред.) мәлімдеме – спикердің (Ресей думасының депутаты және "Большая игра" бағдарламасының жүргізушісі Вячеслав Никонов – ред.) төменгі білімі мен тәрбиесін көрсететін ойсыз айтылған сөз, – деген дереккөз.
Инсайдер қазақстандық СыртІсМин мұндай мәлімдемелер назар аударуға тұрмайды деп санайтынын атап өткен.
– Нұр-Сұлтан мен Мәскеу арасында керемет достық қарым-қатынас орнаған әрі барлық мәселе бойынша түсіністік салтанат құрған, – деген дереккөз агенттікке.
Бұған дейін Ресей думасының депутаты және "Большая игра" бағдарламасының жүргізушісі Вячеслав Никонов "Первый канал" мемлекеттік телеарнасының эфирінде "Қазақстан аумағы – Ресей тарапынан жасалған сый" деп мәлімдеген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір