• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 07:06:46
Алматы
+12°

Франция ара-тұра Таулы Қарабақ мәселесі бойынша Анкараға хабарласуға тырысты, бірақ Анкара бұған реакция білдірмеді. Себебі ол Париждің шынайы мақсаттарын жақсы біледі. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған әзербайжандық әріптесі Ильхам Алиевпен келіссөздерден кейінгі бірлескен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Ердоған тағы да Әзербайжан халқын және президент Әлиевті Қарабах соғысындағы жеңісімен құттықтады.

Осы 44 күндік соғыстағы жеңіс тек бауырлас Әзербайжан үшін ғана емес, бүкіл Түркия үшін қуаныш. Түркия мен оның тұрғындары армян халқына кек сақтамайды. Бірақ барлық мәселе Армения басшылығына байланысты. Егер Ереван Анкараға оң қадамдар жасаса, біз шекараны ашамыз. Көршілес елмен шекараны біржола жауып тастағымыз келмейді, – деді Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.

Ол бүгінде Түркияда 100 мыңнан астам армян азаматы жұмыс істейтіндігіне назар аударды.

Бұған дейін Әзербайжан астанасы Бакуде Әзербайжан мен Түркия президенттері Ильхам Алиев пен Режеп Тайып Ердоған қатысқан жеңіс шеруі өтті. Қаланың орталығына жерін азат ету кезінде жараланған офицерлер мен әскерилер, ардагерлердің бәрі келді. Жалпы шеруге 3000-нан астам адам қатысты. Бұл күнде 150-ге жуық әскери техника, оның ішінде жаңадан қабылданған заманауи әскери техникалар, зымырандық және артиллериялық қондырғылар, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері, сондай-ақ әскери кемелер мен катерлер көрсетілді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір