• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 20:06:46
Алматы
+12°

Депутат Майра Арапқызы балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға баса назар аудару қажеттігін және  дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне қосымша ақы енгізілетінін айтты. 

– Балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту – баса назар аударуды талап етеді. Себебі денсаулықтың іргетасы және дене шынықтыруға деген көзқарас бала кезден бастап қалыптасады. Балалардың спорт секциялары мен үйірмелерін жан басына қаржыландыру негізінде қолданыстағы заңнамаға мемлекеттік, спорттық және шығармашылық тапсырыстар тетігін енгізу көзделеді. Бұл ретте мемлекеттік, спорттық және шығармашылық тапсырыстарды қалыптастыру әдістемесін әзірлеу қажет, – деді депутат.

Оның айтуынша, дене шынықтыру және спортпен айналысатын халықтың неғұрлым белсенді үлесі жалпы білім беретін мектеп оқушылары.

– Сондықтан ынталандыру мақсатында келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап  дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне сабақтан тыс спорт сабақтары үшін қосымша ақы енгізіледі, – деп атап өтті М. Арапқызы.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір