08 Желтоқсан, 2020 Ақтөбе облысы
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин “Қорғас” шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының басқарма төрағасы Дінмұхамед Әбсаттаровпен кездесті.
Басқарма төрағасының Ақтөбе өңіріне жасаған іс- сапарының мақсаты, облыстағы кәсіпкерлерге “Қорғас” арқылы Қытай, Еуроодақ нарығын кеңінен пайдалануға мүмкіндік бар екендігін таныстыру. Дінмұхамед Әбсаттаровтың сөзінше, трансшекаралық аумақтың визасыз режимі және бажсыз сауда аймағы еркін экономикалық аймақ қатысушыларына бизнес құру үшін бірегей мүмкіндік береді және қазақстандық келушілер, ҚХР мен үшінші елдерден келген кәсіпкерлер мен туристер тарапынан ЕЭА-ға үлкен қызығушылық тудырады. Белгіленген басымдықтарға сәйкес, "Қорғас" ШЫХО отандық тауарлар мен қызметтерді экспорттап, халықаралық туризмді дамытуға ат салысады.
Елбасының бастамасымен құрылған орталық мемлекетаралық сауда - экономикалық және мәдени-туристік өзара іс-қимылды дамытуда катализатор болуға арналған.
2019 жылы Қазақстан тарапынан орталыққа 1,2 млн.жуық адам келген, Қытай тарапынан – 3,2 млн. бұл ретте Шыңжаң - Ұйғыр автономиялық ауданының ХШЫО-на іргелес Ішкі Қытайдан 200 млн. турист қабылдады, бұл қажетті жағдайларды қалыптастыру кезінде оларды ХШЫО-ға тарту үшін зор әлеуетті білдіреді. Айтып өтейік, 2017 жылы бәсекеге қабілетті кәсіпкерлік және инвестициялық ортаны жандандыру, сондай-ақ ҚР мен ҚХР шекаралас аумақтарының саудасы мен экономикасын дамыту, халықтың сұранысын қанағаттандыратын тауарлармен және қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында ҚР Үкіметінің қаулысымен "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы"арнайы экономикалық аймағы құрылған болатын.
Облыс әкімі Оңдасын Оразалин бұл тұрғыда Ақтөбе өңірінің әлеуеті мен мүмкіндіктерінің кең екенін жеткізе отырып, орынбасарларына және қала әкіміне алдағы уақытта экономикалық, сауда-ынтымақтастық жөнінде бірлесе жұмыс жасауға тиянақты әзірленуді тапсырды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір