• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 02:10:51
Алматы
+12°

"Қырым әрқашан Ресейдің аумағы болған". Швециядағы Stena AB концернінің басшысы Дан Стен Ульссон осылай деп мәлімдеме жасады. Бұл туралы ria.ru хабарлады.  

Швед кәсіпкерінің айтуынша, 1954 жылы Қырым түбегін Украина КСР-ға беру "ішімдік ішуден шыққан" әкімшілік шара болған.

Қырым ешқашан Украинаның меншігінде болған емес. Менің ойымша, Қырымды орыстарға бірден қайтармау өте жаман идея, өйткені бұл жер әрқашан оларға (Ресейге – ред.) тиесілі болды, – деді Ульссон.

Қырым 2014 жылы референдумдан кейін Ресейдің аймағына айналды, онда Қырымдағы сайлаушылардың 96,77 пайызы және Севастополь тұрғындарының 95,6 пайызы Ресейге қосылуды қолдады. Украина әлі күнге дейін Қырымды уақытша басып алынған өзінің территориясы деп санайды. Президент Владимир Путин Қырым мәселесі "ақыры жабылды" деп басып айтқан.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Украина Қырым Ресей

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір