• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 22:44:58
Алматы
+35°

Елімізде «Абайдың мұрасы – адамзат қазынасы» атты әлеуметтік роликтер мен қысқаметражды фильмдер фестивалі өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мәдени іс-шара қазақтың ойшылы Абай Құнанбайұлының мұрасын насихаттауға және халықтың мәдени және рухани деңгейін арттыруға бағытталған. Байқауға келіп түскен өтінімдердің барлығы іріктеліп ақтық сынға 30 фильм жіберілген. Конкурс қатысушыларының арасынан үздік туындылардың авторлары он номинация бойынша марапатқа ие болады. Фестивальды 7-10 қараша аралығында сағат кешкі 18:00 экранда көрсетілген сілтеме бойынша тамашалауға болады. Байқауға абайтанушы ғалымдар мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлерінен құралған әділқазылар алқасы төрелік етеді.

«Абайдың қара сөздеріне арналған, жалпы Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған фильмдер баршылық. Бірақ осы Абайдың қара сөздері, Абайдың шығармашылығымен байланысты фестивалдің өтуі шын мәнінде алғаш рет деп ойлаймын, – деді Қазақстан кинематографистер одағының мүшесі, өнертану ғылымдарының кандидаты Назира Рахман.

 

 
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір