07 Желтоқсан, 2020 NEWS
AP
"Индонезия Қытайдың Sinovac компаниясы шығарған COVID-19 вакцинасының 1,2 миллион дозасын алды" деп хабарлады жергілікті шенеуніктер. Әлем бойынша халық саны көп төртінші ел пандемияны бақылауға алу үшін күресін осылай жалғастырды.
Дозалар Джакартаға жексенбі күні кешке Бейжіңнен рейспен келді, тағы 1,8 миллион доза келесі айда жіберіледі деп күтілуде.
Қытай реттеушілері елдегі кез келген вакцинаны жаппай тарату туралы нақты бұйрық шықпағанына қарамастан, төтенше жағдайда пайдалану үшін вакциналардың кейбір озық кандидаттарын мақұлдады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір