• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 13:45:14
Алматы
+12°

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күніне орай Алматы облысы әкімдігінде салтанатты жиын өтті. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Облыс басшысы Амандық Баталов өз сөзінде Н.Назарбаевтың ел экономикасын аяғынан нық тұрғызуы, халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған көптеген мемлекеттік бағдарламалар түзіп, оларды кезең-кезеңімен іске асыруы, жаңа астананы салуы, Қазақстанды сыртқы саясатта беделді мемлекетке айналдыруы, көрші елдермен достық қарым-қатынас орнатуы – осының бәрін ұзақ жылдарға жасалған үлкен стратегиялық жоспардың жемісі екенін алға тартты.

Тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда қандай қиыншылық болғанын көпшілігіңіз жақсы білесіздер. Сол кездерде мен Алматы қаласындағы Жетісу ауданына басшылық еттім. Ауданға қарасты 57 кәсіпоры бар еді, соның түгелге дерлігі тоқтап, елге зейетақы, жалақы берудің өзі қиындап кеткен болатын. Сол кезеңдерде Елбасы түрлі сала мамандарымен, қарапайым халықпен кездесіп, сәл шыдамдылық танытсақ, береке-бірлікте болсақ, бұл қиындықты да еңсеретінімізді айтып, әр жүрекке үміт беріп еді. Расында да сол жемісті жылдарға ұшан-теңіз еңбектің арқасында қол жеткіздік. Бүгінгі күні іргеміз берік, шекарамыз анық, халқымыз бейбіт өмірдің арқасында берекелі тірлік кешіп келеді. Тыныштық – тұрақтылықтың кепілі болып отыр. 

Сарыарқа төріндегі жаңа астананың бас сәулетшісі болған Елбасының Алматы облысының орталығын Талдықорғанға көшіру туралы Жарлық шығаруы да ерекше тарихи шешім болды. Қазір де Тұңғыш Президент елдік мақсат-мүддеге бағытталған істерде бізге жол көрсетіп, әрдайым қолдау танытып келеді. Сол себепті де биылғы жыл коронавирус індетінің таралуына байланысты қиындықтарға толы болғанына қарамастан, облыс жылды жақсы көрсеткіштермен аяқтағалы отыр. Қазіргі кезде өңір экономикасына 700 млрд. теңгедей инвестиция тартылды. Жыл соңына қарай ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 1 трлн. теңгеден асады. Соның нәтижесінде халықтың әл-ауқаты артып келеді. Бұл – Елбасының және Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың ең басты тапсырмалары, – деп атап өтті А. Баталов.

Мұнан соң облыс басшысы елімізбен қатар Алматы облысының да өсіп-өркендеп келе жатқанын тілге тиек етті. Жетісу жері Елбасының туған жері екенін облыс тұрғындары мақтан ететінін айтты. 

Айта кетейік, 2011 жылдың 10 желтоқсанында "1 желтоқсан – Тұңғыш президент күні" мерекесі болып бекітілді. 1991 жылдың дәл осы күні жалпыхалықтық президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев жеңіске жетіп Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті атанды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір