• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

14 Қараша, 22:05:33
Алматы
+12°

Дүйсенбі, 30 қараша күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласының Нұр-Ақтөбе тұрғын үй алабындағы жаңа үйдің ашылуына қатысты. qamshy.kz

«ҚР Тұңғыш Президенті күніне» орай ұйымдастырылған шарада аймақ басшысы 256 пәтерлік жаңа тұрғын үйден ҰОС ардагерлері, көп балалы, жетім және аз қамтылған 30 отбасына пәтер кілттерін табыстады.  qamshy.kz

«Әр адам үшін өмірдің қызығы саналатын, отбасымен бірге өсіп-өнетін жеке шаңырағы, қонысы. Бүгінгі болып жатқан қуанышты жайттың бәрі де мемлекетіміздің күннен-күнге дамып, әл-ауқатының өсіп, Мемлекет басшысының жүргізіп отырған сарабдал саясаты мен ел азаматтарының ауызбірлігінің арқасында болып отыр. Жыл өткен сайын қаламыздың аумағы кеңейіп, үй алғысы келетін тұрғындардың сұранысы артып келеді. qamshy.kzБіз бар күш-жігерімізді жұмылдырып, қала тұрғындарының жылы әрі жайлы үйде алаңсыз өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауға жұмыстанып жатырмыз. Бүгінгі алып отырған шаңырақтарыңызды іші құт-берекелі болып, өсіп келе жатқан жас балаларымыз білімді әрі білікті ұрпақ болып, елін сүйетін патриоты болып өссін. Уақытпен санаспай, азғана уақыт ішінде осындай сапалы үйді тұрғызған құрылысшыларға да алғысымды білдіремін» - деді облыс әкімі жаңа қоныс иелерін құттықтап.  qamshy.kz

Айта кетейік, қазіргі таңда Ақтөбе қаласында тұрғын үй кезегіне 24 мыңнан астам адам тіркелген. «Бақытты отбасы» - «2-10-20» бағдарламасы аясында 3 млрд теңгеге 302 жолдама беріліп отыр. Бүгінгі күні жалпы сомасы 2,37 млрд теңгеге 276 отбасына несие берілді.   qamshy.kz Содан кейін аймақ басшысы Ұлы Отан соғысының ардагері, Ақтөбе қаласының 96 жастағы тұрғыны Әнуар Сафұлы Ахметзияновтың отбасына арнайы барып, ардагерге сый-құрмет көрсетіп, бір бөлмелі пәтердің кілтін табыстады. Ұлы Отан соғысының ардагері Әнуар Ахметзиянов көп жылдар бойы аймақтың өсіп-өркендеуі мен әлеуметтік-экнономикалық дамуына зор үлесін қосқан батагөй ақсақалдың бірі. Аймақ басшысының жаз айында Темір ауданының Кеңқияқ ауылына жасаған іссапары барысында болған кездесуін еске алып, қарттарын қадірлейтін қасиетіне ризалығын білдіріп, рахметін айтты.  qamshy.kz  

Кездесу соңында ардагер қария өзінің алғысын білдіріп, еліміздің тыныштығы басты байлық екенін атап өтіп, облысы әкіміне және қала басшысына жасап жатқан жұмыстарына оң бағасын берді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір