• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 22:24:42
Алматы
+7°

Жамбыл облысында мүйізді ірі қара мал өсіретін жаңа репродуктор пайда болды. «Jambyl Et MS» шаруашылығы сиыр еті өнімінің санын арттыру мақсатында Ирландиядан 1000 ангус тұқымды сиырларын сатып алды. Келген ірі қара малдың көбісі репродуктор мәртебесін растайтын қажетті асыл тұқымдық куәліктерін алды.

Инвестициялық жоба «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның қаржыландыруының арқасында жүзеге асырылды.

«Абердин-ангус асыл тұқымы ет өндірісі бойынша ең үздіктердің бірі болып саналады» деп хабарлайды шаруашылық директорының орынбасары Бахыт Искалиев.

«Уақытылы тамақтандыру және сапалы күтім жасау арқылы, өте қысқа мерзім ішінде, ірі қара басының санын айтарлықтай көбейтуге болады. Әрине, біз қысқы кезеңге тыңғылықты дайындалдық. Жаздан бері компания 1000 тонна шөп және 100 тоннадан астам жем мен минералды заттар сатып алды», - дейді ол.

Қазір шаруалар мал бағуға кірісіп кетті. Жаңа шаруашылық қараусыз бос қалған базада құрылды.

Шаруашылықтар, әкімшілік ғимарат және жазғы малға арналған орындар қалпына келтірілді. Мүйізді ірі қара шаруашылығынан бөлек, серіктестік ауылшаруашылық техникалары мен қажетті құрал-жабдықтар сатып алды.

Жобаның жалпы құны 1,5 миллиард теңгені құрайды, оның 1,1 миллиардын Аграрлық несие корпорациясы бөлген. Несие жылдық 6% -бен 10 жылға берілді.

Жамбыл облысы бойынша АНК филиалының директоры Нұрғали Сейітбеков корпорацияның басты мақсаты – қазақстандық фермерлерге қол жетімді несие беру екенін атап өтті.

Оның айтуынша, өнеркәсіпті қаржыландыру мультипликативті әсерге ие: ауылда жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындары ашылуда.

Соңғы бес жылда Аграрлық несие корпорациясы қаржыландыруының арқасында елде 10000-ға жуық жаңа жұмыс орындары құрылды. Тек 2019 жылдың өзінде 10,5 миллиард теңгеге 442 жоба етті мал шаруашылығын дамытуға қаражат алды. Осы жылы Aграрлық несие корпорациясы бүкіл Қазақстан бойынша жеті асыл тұқымдылар шаруашылығымен айналысатын фермалардың құрылуын қаржыландырды. Нәтижесінде елде мүйізді ірі қара саны мен ет өнімдерінің сапасы артты.

«Жаңа кәсіпорындар пайда болуда, ескілері, тіпті қараусыз бос қалғандары, қалпына келтірілуде. Несие алып, біздің фермерлер заманауи технологияларды қолдана бастады, ауылда шағын және орта бизнес дамып келеді. Мұның бәрін біз «Jambyl Et MS» құрылуынан көз жеткізіп отырмыз», - деп атап өтті.

Болашақта «Jambyl Et MS» шаруа қожалығы мал басын 6-7 мың бас ірі қараға жеткізуді жоспарлап отыр. Қазір қожалықта 35 адам жұмыс істейді, орташа жалақы – 130 мың теңгені құрайды. Егер кеңейту жоспарлары шындыққа айналатын болса, онда жұмысшылар саны да өседі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір