• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

15 Қараша, 12:46:16
Алматы
+12°

Түркия мен Ресейдің президенттері Тайып Ердоған мен Владимир Путин телефон арқылы Қарабақтағы атысты тоқтату режимін қадағалайтын орталық құру мәселесін талқылады. Бұл туралы Түркия басшысының әкімшілігіне сілтеме жасай отырып, ria.ru сайты хабарлады. 

"Ердоған Путинмен әңгімелесу кезінде Қарабақтағы дағдарыстың шешілуін және аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша қабылданған қадамдар шеңберінде Ресеймен бірге құрылатын бірлескен бақылау орталығының жұмысын тезірек бастау қажет екенін айтты" делінген әкімшілік хабарламасында.

Ердоған "келісімді жүзеге асыру барысында армян тарапы өз міндеттерінен жалтармауы керек"  деп баса айтты. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір