• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 09:48:47
Алматы
+12°

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов ведомствоаралық комиссияда коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында бірқатар шешім қабылдады.

ВАК отырысының қорытындысы бойынша төмендегідей шешімдер қабылданды:

  • Қоғамдық көліктің жұмысын басқа қызмет түрлерімен үйлестіру;
  • "Жасыл аймақта" орналасқан өңірлерде қоғамдық көліктің жұмысы апта ішінде 23:00 сағатқа дейін ұзарту;
  • "Сары аймақта" орналасқан өңірлерде қоғамдық көліктің жұмысы демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 23:00-ге дейін ұзарту;
  • Биылғы 21 қарашаға дейін ауруханалардың реанимациялық бөлімшелерінің материалдық базасын тексеру, қажет болған жағдайда оларды толықтыру бойынша жедел шаралар қабылдау;
  • Әскери госпитальдардағы төсек қорын қажетті жағдайда жедел өрістетуге толық әзірлікті қамтамасыз ету.

Сондай-ақ 2020 жылдың 21 қарашадан бастап қызметі келушілермен тікелей байланысты емес кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс уақыты бойынша шектеулер алынып тасталады Оның ішінде авто-экспресс (тамақты өзімен бірге алып кету), көлік жуу, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу станциялары, тігін шеберханалары, тұрмыстық техника, аяқ киім, телефон, компьютерлер, сағат жөндеу, кір жуу және химиялық тазалау орталықтары бар.

Отырыста 21 қарашаға дейін халықпен байланыс деңгейі төмен бизнес нысандарының қосымша тізімін дайындау тапсырылды.

Ералы Тоғжанов Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктеріне 10 күн мерзімде қызыл аймақтан шығу үшін эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөнінде түбегейлі шаралар қабылдау қажеттігін жеткізді.

Денсаулық сақтау саласындағы статистикалық деректердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында COVID-19 бойынша ПТР зерттеулерін жүргізетін зертханалардың интеграциясын бір апта мерзімде аяқтау тапсырылды.

Кеңес қорытындысы бойынша премьер-министрдің орынбасары дәрілік заттардың бағасын төмендету, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың бағасын реттеу, отандық маска өндірушілерді шикізатпен қамтамасыз етудің кепілдендірілген тетіктерін айқындау және тағы басқа мәселелер бойынша бірқатар тапсырма берді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір