16 Қараша, 2020 NEWS
Суретті түсірген Петр Троценко
Белгілі журналист және саясаткер Ермұрат Бапидің үстінен азаматтық белсенді Дулат Ағаділдің ұлының қаралы жиынына қатысқаны үшін қозғалған іс тоқтатылды, деп хабарлады KazTag агенттігі.
– Сот болған жоқ. Мен сағат 10:00-де келдім. Мені сол жерде қарсы алып, жергілікті полиция қызметінің бөлмесіне апарды. Мені не үшін ұстағандарын айтпағандықтан, іспен таныса бастадым. Бес минуттан кейін олар сот болмайтынын, мені пост арқылы шығаратынын айтты, – деді Бапи ҚазТАГ агенттігіне берген жауабында.
Бапидің айтуынша, оны полицейлер сенбі күні митингке қатыстырмау үшін ұстаған.
– Мені cенбі күні митингке қатыстырмау үшін ұстады деп ойлаймын. Жанболат Ағаділдің жаназасына қатысты деген айып тағып, мені митингке қатыспасын деген болар, – деді ол.
14 қараша күні Ермұрат Бапи Шоқан Уәлиханов алаңында өткен митингке бара жатқанда ұсталған болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір