• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:58:39
Алматы
+12°

13 Қараша, 2020 Ақтөбе облысы

Байғаниннің берекелі саласы

Биылғы жыл әлемді дүрліктірген короновирустың атымен ерекшеленсе де, ауданда санитарлық талаптардың аясынан шықпауды алға қойып, біраз шаруалар тындырылып, жобалар жүзеге асырылғаны рас. Негізгі шаруашылығы – мал шаруашылығы саналатын Байғанин өңірінің шаруа қожалықтары да жылдағы үрдісінен жаңылмай, шаруаларын дөңгелетіп, берекелі істерін кеңейтті.

фото: Ақтөбе облысы баспасөз қызметі

Ағымдағы жылы Байғанин ауданында 222 шағын және орта бизнес жеке кәсіпкерлері тіркелді. Ауыл шаруашылығы мақсатында 49 жыл жалдау құқығымен конкурстық әдіспен 20 шаруа қожалығы ашылып, жер учаскелері табысталды. Олар мемлекеттік бағдарламаны жүүзеге асыра отырып, өз кәсіптерін қолға алып, шаруаларын бастауда.

Сондай-ақ, Байғанин ауданында кәсіпкерлікті қолдау мақсатындағы мемлекеттік әртүрлі бағдарламалар туралы да толық түсіндіріліп, тиімді жүзеге асырылуда. qamshy.kz

Атап айтқанда,  «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы (Бағдарламаның мақсаты -өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру) аясында  «Эльбрус», «Қызылшоқы» шаруа қожалықтары электр жабдықтарымен, жоғары кернеулі желісімен қамтамасыз етілді. Бағдарлама бойынша қажетті инфрақұрылымға мемлекеттің қолдауымен  облыстық бюджеттен жалпы құны 185млн теңге болатын қаражаттар бөлініп, бұл қаражаттар мал басын көбейтумен және қайта өңдеу өнеркәсібін (мал сою цехы, сүт өнімдерін өндіру) жандандыруға үлкен көмегін берді. Сонымен қатар ауданымызда 2019 жылы ашылған  «Ая» шаруа қожалығында  44,7 млн теңге қаражат көлемінде, иппотерапия ашу және бие сүтін заманауи тәсілдермен өңдеу жұмыстары жолға қойылуда.

«Бизнестің жол картасы – 2025» аясында жергілікті жерден 2 жеке кәсіпкер 31,2 млн қаражат есебіне өздеріне қажетті құрал-жабдықтар мен жүк көліктерін алу барысында мемлекет тарапынан несиелік ставканы субсидиялау бағытында жұмыстар жүргізілді. qamshy.kz

Жылдағы үрдіс бойынша  облыста өткізілген кәсіпкерлерді қолдау бағытында «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясындағы қайтарымсыз гранттар да аудан үшін 2020 жыл  да жағымды жаңалықтарға толы болды. Аталмыш конкурсқа ауданнан 4 үміткер қатысып, екеуі жеңімпаз атанды. Атап айтсақ, Қоштанбекова Жанар Қуандыққызы киім цехын ашу жобасымен 3,4 млн теңге қаражат ұтып алды.  Қазіргі таңда Жанар Қуандыққызы киім цехын ашу жұмыстарын бастап кетті. Цехта 4 жұмыс орнын ашу жоспарда, цехта киім тігу, көрпе тігу, қыз жасауын дайындау және перделер тігу жұмыстары жүзеге асырылуда.

Екінші жеңімпаз - Бақдәулет Медет Ғайноллаұлы жүн өңдеу  цехына құрылғылар алу  мақсатында  5,0 млн теңгенің грантын жеңді. Бұл - аудандағы өзекті мәселелердің бірі. Негізгі шаруашылығы -  мал шаруашылығы болғандықтан біздің ауданға шикізат өнімдерін қайта өңдейтін өнеркәсіп керек-ақ. Медет Ғайноллаұлы осы мақсатта жүн өнімдерін қайта өңдеуді қолға алып, оны тұрмыстық қажетті заттарға жарату мақсатында жұмыстануда. Қазіргі таңда кәсіпкер құрылғыларын сатып алу сатысында. Кәсіпкердің жоспарында 5 жұмыссыз жұмыспен қамтылатын болады.

 «Еңбек. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» (Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту) бағдарламасы бойынша ауданда 63 кәсіпкер жалпы құны 261,7 млн теңге көлемінде төменгі пайызбен несие алды. Бұл қаражат ауыл шаруашылық саласында мал басын көбейту мақсатына жұмсалды. Атап айтқанда, жеке кәсіпкерлер ірі қара малын, жылқы, қой бастарын көбейту мақсатында жұмыстануда. qamshy.kz

Сонымен қатар, аталмыш бағдарлама бойынша 4 кәсіпкер логистика саласында, яғни, жүк тасымалдау бағытында автокөлік алып, көлік қызметімен айналысуда.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында ауданда 9 шаруа қожалығы мал басын көбейту үшін асыл тұқымды ірі қара малдарын сатып алу үшін жалпы құны 344,2 млн теңге төменгі пайызбен несие алды. Атап айтқанда, «Мұхамедияр» ШҚ 10,1 млн теңге, «Таң» ШҚ 16,0 млн теңге, «Рәуаж» 50,0 млн теңге,  «Ернұр» ШҚ 7,4 млн теңге, «Ди-Нур» ШҚ 7,5 млн теңге, «Құлагер» ШҚ 18,2 млн теңге, «Асылбек» ШҚ 30,0 млн теңге, «Бекбас-би» ШҚ 180,0 млн теңге, «Нұрталап» ШҚ 15,0 теңге көлемінде мал басын асылдандырады.

Аталған бағдарлама бойынша ауданда асыл тұқымдық құрамды асылдандыру бағытында 79 шаруа қожалығы 44,190 млн теңге көлемінде субсидиялау арқылы қаржыландырылды.

«Жайылымды суландыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында (Терең түтіктік ұңғымасын қазу, күн сәулесінен, жел генераторынан электр қуатын алу) жайылымды суландырып, мал басын көбейтуге 70 шаруа қожалығы 256,2 млн теңге көлемінде субсидия алды. Бұл терең түтікті ұңғыма скважинаның негізгі құнының 80 пайызы мемлекет тарапынан қаржыландырылды. qamshy.kz

Ауыл шаруашылық шығындарын азайту, соның ішінде ауыл шаруашылық техникаларын жаңарту» бағдарламасы аясында мемлекет тарапынан жаңа алынған әр техниканың негізгі сомасының 25 пайызын субсидиялап, 28 техника сатып алынды. Жалпы құны 142,106 млн теңгеге шарауалар трактор, шөп шабатын косилка, тырма, шөп маялағыш және тағы басқа техникалар сатып алды.

Мемлекеттің қолдауы негізінде ауыл шаруашылық малдарының әр аналық басына мал азығының шығындарын азайту мақсатында мемлекет тарапынан мүйізді ірі қараға 30 мың, жылқыға 20 мың, түйеге 20 мың, қой 5 мың теңге көлемінде берілетін мемлекеттік қолдау – субсидия алу үшін ауданымызда бүгінгі таңда 62 шаруа қожалығы құжаттарын дайындап, осы науқанға қатысуға ниетті болып отыр.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір