• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 21:58:18
Алматы
+12°

12 Қараша, 2020 Саясат

Байден АҚШ жауласқан елдермен қандай қарым-қатынас орнатады?

Жаңа президенттің келуін Ресей, Қытай, Иран және Солтүстік Корея қалай қабылдады?

Фото: bookmaker-ratings.kz

АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Джо Байден қызметіне 2021 жылы кіріседі. Дональд Трамп 4 жылда АҚШ-тың өзге елдермен қарым-қатынасын түбегейлі өзгерткен. Ал Джо Байденің кезінде қалай болмақ? Жаңа президенттің келуін Ресей, Қытай, Иран және Солтүстік Корея қалай қабылдады? Джо Байденнің президенттікке келуінен аталмыш елдер не ұтып, неден ұтылатынын бағамдап көрейік.  

Қытай

Дональд Трамп Қытайға сауда соғысын жариялап, бірқатар санкция салып, Қытайды коронавирус пандемиясына кінәлаған еді. Десе де, кейбір сарапшылардың ойынша, Қытай билігі президент сайлауында Джо Байденнің жеңіске жеткеніне мәз бола қоймады. Мәселе, Трампқа деген оң көзқараста емес. Трамп Ақ үйде тағы төрт жыл отырса, Қытай үшін уақытша қиындықтың арты жақсылыққа ұласар еді. Сарапшылар, Қытай үшін Трамптың президент болуы – АҚШ-тың әлсіреуімен пара-пар деген пікірде.   

Қытайдың коммунистік партиясы бақылайтын БАҚ назарды президент сайлауына емес, ондағы тәртіпсіздік пен наразылық шараларына, вирустың өршіп, ондағы халықтың ашу, ызасына бағыттады.

Джо Байден климаттың өзгеруі секілді мәселені қолға алып, оның шешімін бірлесіп іздеуге дайын екендігі Қытай үшін тиімді болуы мүмкін. Десе де, Джо Байден АҚШ-тың әлем елдерімен байланысты жақсарту үшін білек сыбана кірісуге дайын екені Қытайға онша ұнай қоймайтыны анық. Сонымен қатар, Джо Байденнің жеңіске жетуі Қытайдың демократиялық бақылауы жоқ жүйесіне қиындық тудырмақ.  

Солтүстік Корея

BBC-дің Сеулдегі журналисі Лаура Байкер (Laura Bicker) Солтүстік Корея Байденді құтырған итке теңегенін жазған. Алайда Ким Чен Ын қазір АҚШ-тың жаңа президентіне қатысты теңеулерге абай болуға мәжбүр.

Солтүстік Корея үшін АҚШ-тың келесі президенті Дональд Трамп болғаны тиімді. Солтүстік Корея ядролық қаруды жасауды жалғастыруда, АҚШ соған байланысты санкция салып, біраз қыспаққа алса да Дональд Трамп пен Ким Чен Ын кездесті, қол алысты. Джо Байден Пхеньянның ядролық қарудан бас тартуын талап етіп, талабы орындалмағанша ел президентімен кездесуден бас тартып отыр. Сарапшылардың көбі Байден командасы Пхеньянмен келіссөздер жүргізе бастағанда-ақ екі ел арасындағы кикілжің қайта басталады деп болжайды. Десе де, экономикалық жағдайы тұрақсыз Солтүстік Корея үшін жаңа санкция жағдайды ушықтыратыны анық.

Ресей

Сарапшылар, Джо Байденнің президент сайлауында жеңіске жеткені Ресей үшін тиімсіз деген ойда. Джо Байден жақында Ресейді Америка үшін ең үлкен қауіп деп атады. Байден 2011 жылы вице-президент болғанда да "Егер мен Путин болсам, президент сайлауғына қайта түспеуші едім. Себебі бұл Ресей үшін де Путин үшін де оң шешім емес"  деген еді. Путин Байденнің бұл сөзін ұмытпағаны анық. Мәскеу үшін Байденнің президент болуы Вашингтон тарапынан санкция мен қысымның көбейетінін білдіреді.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы АҚШ-та өткен президент сайлауында Дональд Трамп жеңіске жетіп, оған Ресейдің қатысы бар болуы мүмкін екені айтылған. Онда демократтар жеңіліске ұшырады. Сайлауға дейін Трамп Мәскеу мен Вашингтон қарым-қатынасы түзелетінін айтқан. Десе де,  Дональд Трамп кезінде АҚШ пен Ресей қарым-қатынасы қатты жақсара қойды деп айту қиын. Ресейлік басылымдардың бірі "Дональд Трамп кезінде АҚШ пен Ресей қарым-қатынасы құрдымға кетті, Байденнің уақытында ол тіпті ушығады" деп болжады. Дегенмен, ресейлік саяси шолушылар Джо Байден президент болатын уақытта АҚШ-пен келісімге келу әлдеқайда жеңілікрек болады деген пікірде. Мәселен, АҚШ пен Ресейді ядролық қаруды тоқтату туралы келісімін айтуға болады. Аталмыш келісім-шарт ақпанда күшін жояды.

Мәскеу уақыт жоғалтпай Трамп дәуірінен ығысып, Ақ үймен жақсы қарым-қатынас орнатуға тырысады. Алайда Ресей ойлағандай екі ел арасындағы жағдай күрт өзгермеуі әбден мүмкін.

Иран

Байдан жеңісі Тегеран үшін тиімді. Себебі Трамп кезінде АҚШ-пен келісімге келу мүмкін емес еді. Дональд Трамп сайлауға бір апта қалғанда, егер қайта президент болып сайланса, ең бірінші болып Иран президенті хабарласып, келісімге келуді сұрайтынын және Трамп оның билікте болған шағында келісімге келу мүмкін емес екенін айтататын жеткізген. Трамп қайта сайланса, Иран үшін одан келісімге келуді сұрау қорлықпен пара-пар болушы еді.

Дональд Трамп Иранға қатысты шектеу мен санкцияны күшейтті. Соның салдарынан Иран экономикасы тұралап қалды. Трамп ядролық келісім жасаудан үзілді-кесілді бас тартты. Дональд Трамп тіпті генерал Касем Сулейманиді тапсырыспен өлтірді. Иранда генералдың өлімі үшін одан кек алғысы келетіндер әлі де көп.

Ал Джо Байденмен жақсы қарым-қатынас орнатып, келісімге келуге мүмкіндік бар. Жаңа сайланған президент Иранмен ядролық келісімге қайта келіп, дипломаттық қарым-қатынасты жақсартқысы келетінін айтқан. Бірақ Иран билігі бұған бірден келіспеуі мүмкін. 3 қарашада дауыс беру ашық деп жарияланғанда Иран президенті сайлау Тегеранға еш әсер етпейді деген еді.

"Иран саналы заңға негізделгендіктен АҚШ-та президенттің ауысқаны бізге әсер етпейді" деген Тегеран билігін.

Алайда Иран тұрғындары АҚШ-тағы президент сайлауын бақылап, Байденнің жеңісімен санкция жеңілдейді деген үмітте.

Әсем Әлмұханбет

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір